Әдеби кеш
Бүгін 09.02.2023. күні Мұқағали "Мұхамедқали" Мақатаевтың туған күні. Мұқағали қазақ поэзиясының өмір есігін ашқан күні іспетті. Себебі, одан кейінгі бүкіл алаш баласы жатқа оқитын, бүкіл алаш баласының өмірі мен тағдырына сіңіп кеткен ғұмырлы поэзия әлі туыла қойған жоқ секілді.
Бүгін кітапханамызда "Ақсұңқар" оқу орталығымен бірге Қаражал қаласының 60 жылдығы аясында "Жырлайды жүрек" атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балаларға Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны жайлы айтылып, балаларға сұрақтар қойылып, кітап көрме ұсынылып , балалар өздері жаттаған Мұқағали атамыздың өлеңдерін оқыды. Іс -шара соңында балаларға мақтау қағаздары табысталды. Іс -шараны бірігіп ұйымдастырып, бүгінгі іс-шараны одан әрі гүлдендірген Қарлығаш ханымға үлкен алғысымызды білдіреміз.
#мұқағалимақатаев
#cdskarazhal
