«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Өлке қаламгерлері

  • Аманбай Баймышев

    Аманбай Баймышев 1956 жылдың 6 наурызында Жаңаарқа ауданы, Ақтау кеңшарының, Желтау өңірінің, Қоратау қыстағында дүниеге келген.

    1972 жылы Жаңаарқадағы №161 Сәкен Сейфуллин атындағы мектепті үздік бітірген.

    1972-1985 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласында түрлі мамандықтар бойынша жұмыс істеген.

    1983-1989 жылдарда Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін сырттай оқып бітірген.

    1985-2007 жылдарда Ақтау орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беріп, ауылда айтыс өнерінің өсіп-өркендеуіне үлес қосты. Жоғарға санаттағы ұстаз ретінде әдістемелік нұсқаулары аудан көлеміне танымал.

    2007 жылы ден-саулығына байланысты зейнетке шықты. Халықаралық дәрежедегі «Ұлт мақтанышы» медалінің иегері, Халықаралық жазушылар Одағының мүшесі. Өлеңдері, әңгімелері аудандық, облыстық, Республикалық газет журналдарда жарияланған.

    2017 жылы «Жырлаймын туған елімді» кітабы жарыққа шықты.

    Бұл кітапта автор өмір өткелдері мен өрнектерін, ел мен жер тарихын, ел бірлігін, тәуелсіздік тақырыбын тебірене толған, табиғатпен бірге тыныстап, түрлі андар мен құстардың қызықты әрекеттерін тартымды баяндайды және етене жақындарына өзінің жүрекжарды сезімдерін арнайды.

  • Жарқынбай Жетімек

    1954 жылы 2 қантарда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «Қараағаш» селолық округіне қарасты «Жосалы» ауылында дүниеге келген.

    1976 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институтын, тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмәмдаған.

    Еңбек жолын «Атасукен» басқармасы «Батыс Қаражал» шахтасында кен шеберлігінен бастап, кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы төрағасына дейінгі қызмет баспалдақтарынан өткен.

    Қаражал қалалық мәдениет бөлімінің бастығы, қала әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары қызметінде болған.

    2007 жылдан бері Қаражал қалалық маслихатының депутаты, тексеру комиссисының төрағасы.

    2009 жылы ақынның «Арманың аласармасын» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.

  • Қырықбай Кентайұлы

    Қырықбай Кентайұлы 1941 жылы 25 желтоқсанда Қоңырөлеңде дүниеге келген, Ескенеде өсіп, Қаражал қаласында есейген. Кезінде қалалық ішкі істер бөлімінде, «Батыс Қаражал» шахтасында жұмыс атқарған. Бүкіл саналы ғұмырын кеншілік мамандыққа арнап, ел дәулетінің еселеп артуына көп еңбек сіңірді. Бұл күнде – еңбек ардагері. «Қаражал қаласының құрметті азаматы». Жасынан зерек әкесінің айтқан әңгіме – жыр, дастандарын тыңдап, жадына жақсы сақтай білген. Мектеп табалдырығын аттамай хат таныған. Ағасы Әкіжан ертегі оқып бергенде соны қолма – қол жаттап алған, сол арқылы әріптерді өзі үйренген. 5 жасында «Констонтиновна» сөзі неше әріптен тұратынын ересектерден бұрын айтқан. 8 класс бітіргеннен кейін оқи алмаған, Қаражалға келіп атшы болып жұмыс істеген. 10 жылдықты «эксторно» бітіріп, Қызылорданың пединститутына оқуға түскен.

    Кішігірім арнау өлеңдер шығарып жүрген. Зейнеткер болғаннан кейін өлең өрісіне біржолата бет қойған. Өлеңдері ойлылығымен, орнықтылығымен, тереңділігімен, мазмұндылығымен ерекшеленеді.

    Қаражал қаласының өлең өнерін толық меңгерген жазба ақын ретінде танылды. Ортан қолды ақын болып қалыптасты. Толғау, дастандардан бөлек жиырма шақты әндеріне нота жазылып орындалып жүр. Мысалға Қаражал вальсі сазы С. Әшімовтікі. Қара меңді, сап – сары орамалым делінген жолда ойланатын мағыналы сөз жатыр. Өмірге шыр етіп, кіндік қаны тамған жері Қоңырөлеңге арналған әнінде, сол мекенді менің Темірқазығым деп өте орынды жазған.

    Көптеген өлең – жырлары мерзімді баспасөз бетінде жарияланған. Әндері ел аузында айтылып жүр. 2004 жылы Қырықбай Кентайұлының Алтын бесік – Сарыарқам өлеңдер, дастан-толғаулар жинағы жарық көрді. 67 жасында бұл фәни жалған өмірден мәңгілекке аттанып кетті. Отбасы: жұбайы, екі ұлы, немерелері бар. «Алтын бесік – Сарыарқа» өлеңдер жинағы 2004 жылы жарық көрді.

    Ақынның мақалалары:

  • Алсай Төлеухан Ильясов

    1947 жылы 10 желтоқсанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге келген. С.Сейфуллин атыңдағы орта мектебін бітіріп, С.М.Киров атыңдағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарихи факультетіне түсіп, атаңған оқу орынды үздікпен бітірді. 20 жылдан астам Каражал қаласында тарих пәнінен мұғалім болып жұмыс жасады. 90-жылдардан бастап Жезқазған облысының «Центральный Казахстан» газетінің меншікті тілшісі, «Атасу-Жайрем Ақпарат», «Қаражал», «Қазыналы өңір» газеттерінің бас редакторы, Журналисттер одағының мүшесі.Сан алуан шығармалардың авторы: «Озатын ел ойшыл келеді», «Өмір-өзен», «Жайрем-Атасуйский рудный регион», «Солдат всегда солдат», «Мир Асатова», «Шинара моя Шинара», «Біз мұғалдармыз», «Өмір сүргім келеді», «Қаражал город горняков», «Жаңаарқа нақыштары», «Есімде қалған есімдер», Сарбазы Сарыарки, На фронте четвертой власти.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово