-
Қаражал минералды суы
Қарағанды обл., Қаражал қ-нан оңт.-шығысқа қарай 7км жерде орналасқан шипалы жер асты суы. Суы 1961 ж. бұрғыланған ұңғымалардан шығады. 1981-83ж. « Сарыарқа минералды сусындар құю з-ты үшін барланған. Ұңғымалардан шығатын судың мөлш. Тәулігіне 0,52 мың м3-ге жетеді. Минералды сулар 80- 100 м тереңдіктегі девон және карбон кезецінде қарстанған доломиттерде кедеседі. Бұл тау жыныстары үстінен қалыңд. 10-40 м неоген кезеңінің сазымен көмкерілген. Тау жыныстары 100-120 м. тереңдікке жарықшақтанған. Жер асты суының арындық деңгейі 1 – 5 м тереңдікте орналасқан. Судың арыны әлсіз. Ұңғымалардың шығымы, судың деңгейін 5,2 м-ге төмендеткенде 40л/с-қа дейін жетеді. Жер асты сулары тұздылау, минералд. 3,1-3,7г/л, темп-расы 9-10*С. Судын хим. құрамы сульфатты – хлорлы және магнийлі-натрийлі. Суының құрамында калий (1,9мг/л), стронций (3,2 мг/л), фтор (0,8 мг/л), бром (0, 9мг/л), кремний қышқылы (8,7мг/л) фосфор қышқылы (0,04 мг/л)бар. Сусында еріген газ бар , негізінен, көмір қышқыл газдан (32,94%) метаннан 14,55%) азоттан(52,36%) оттектен 0,15%) тұрады. Қ.м.с. ас қорыту ағзалары, бауыр ауруларын, сондай-ақ денедегі зат алмасу процесі бұзылғанда ем үшін және емдік – асханалық су ретінде қолданылады.
-
Қаражал темір-марганец кені
Батыс Қаражал - Қарағанды –облысында Қаражал қ-ның маңында орналасқан . Кен орнын И.Г. Николаев ашқан (1931). Алғашқы зерттеу жұмыстары Н.Л. Херувимова мен А.К. Коневтің басшылығымен жүргізілген (1938). Кейін барлауды С.Д. Батищев – Трасов, Г.С. Момджди, т.б. жүргізген. Кен орны Жайылма синклиналінің солт.- шығыс қанатында орналасқан Қаражал кенді алабының батыс бөлігін алып жатыр. Кенді алабтың ұз. 18км, оның 6 км-і Батыс Қаражалдың үлесінде. Геол. Құрылысына жоғ. девон мен төм. карбон түзілімдері кіреді. Кенді түзілімдер екі будадан тұратын жоғары фамен түзілімдерінде орналасқан. Сұр түсті төм. Буда- кентас астылық, негізінен әктастардан тұрады, олардың құрамында яшма, сидерит, магнетит линзалары бар; буданың қалыңд. 25-40 м. Қызыл түсті жоғ. будада кен орнының барлық өнеркәсіптік кентастары орналасқан. Бұл буданың төм. горизонтында әр түсті әктастар, сонымен қатар темір және марганец кентасты Төм. Кенді шоғыр бар. Ор-таңғы горизонт күңгірт – сұр кремнийлі - корбанатты тау жыныстарынан тұрады. Жоғ. горизонтты күлгін – қызыл және қызғылт түсті әктастар құрайды, олардың құрамында ашық – қызыл яшма мен Батыс кенді шоғырдың темір және марганец кентастары бар; буданың қалыңд. 25 – 170 м. Кен орнының шығыс шетінде жер бетіне шыққан негізгі кен денелері батысқа қарай 17* бұрышпен еңістенеді, батыс шетінде 500 -800 м тереңдікке дейін дейін батады. Кен денелері айқын стратификатталған ( жиектелген) қатпарлар құрайды, жарылымдар бойымен жылжыған. Кен орнында біршама қиюшы қабатаралық интрузиялар кездеседі, олардың құрамы габбродан диоритке дейін , диабаздан диорит порфириттеріне дейін өзгереді. Кентасты буда құрамында темір кентастарының төрт қабаты (Fe1 – F4) және марганец кентастарының бес қабаты ( Mn1- Mn3) бөлінеді, олар бірігіп Басты шоғырды құрайды . Басты шоғыр ірі линза пішінді, құрылысы күрделі , оның негізгі бөлігін ең ірі кентасты қабаты (Fe3) мен марганецті қабаттар ( Mn3 Mn4) құрайды. Fe3 қабатының созылымы бойынша ұз. 5,5 км, ені 1700 м. Қалыңд. Бірнеше метрден (шеттерінде) 68,8 м-ге дейін (кен орнының ортаңғы бөлігінде) жетеді; орташа қалыңд. 20,6 м. Бұл қабатта кен орнындағы темір кентасы қорының 97% - ы шоғырланған. Жатынның еңістігі бойынша темір кентасы жұқарып, оның астыңғы және үстіңгі жағындағы марганец кентастары жақындай түседі, кей жерлерде бірігіп кетеді. Fe4 қабат-тары үш линза құрайды, олардың ұзынд. 200 – 1400м, ені 100 – 830 м, қалыңд. 2 – 18,8м. Бұл линзаларда темір кентастарының 2 % -ы ғана шоғырланған. Кентастардың экон. құндылығы мен технол. ерекшеліктерін анықтайтын негігі минералдар: гематитті кентастарда – гематит, кварц, аз мөлшерде магнетит, карбонаттар мен пирит; магнетитті кентастарда – магнетит, сидерит, хлорит, кварц, карбонаттар және пирит, гематит марганецті кентастарда – браунит, гаусманит , манганокальцит, кварц, т.б. Жалпы алғанда темірлі кентастардағы минералдардың орташа мөлш.: гематит – 56,0%; магнетит – 18%; сидерит – 33%; хлорит пен стильпномелан – 17%; кварц – 15,0%, кальцит- 4%. Қазір бай темір кентастарын (Fe>45%) Испат Кармет металургия кәсіпорны (бұрынғы Қарағанды металургия комб.) байытпай пайдаланады, ал темірдің мөлш. 35 – 45% кентастар байытуды қажет етеді. Осыған байланысты Атасу кен басқармасында жобалық өнімд. 6 млн. Т болатын байыту ф-касы салынған. Кен денелері біршама қалың ( 10 – 50 м) әрі қолайлы жатқан кен орнының шығыс бөлігін ашық тәсілмен(200 – 260 м-ге дейін), ал терең жатқан орт. Және батыс бөліктерін жер асты тәсілдерімен игеруге болады Кен орнының сулылығы әркелкі, кей жерлерінде су басып қалу қаупі бар. Кен орнын жете барлау нәтижесінде оның қоры темір кентастарыт бойынша 552,9 млн. т марганец бойынша 350,3 млн. т көлемінде бекітілген.
