-
«Виртуалды көрме» практикалық жұмыс
2016 жылдың ІІІ тоқсанында «Виртуалды көрме» атты практикалық жұмыс өтті. Кітапханашыларға үй жұмысы берілген еді. Іс-шараға қатысушылар бір тақырыпқа арналған кітаптардың мұқабаларының суреттерімен, сол кітаптардың библиографиялық сипаттамаларын дайындап әкелді. Әдіскер мысалы келтіру үшін Ж.Жабаевтың кітаптарімен құжаттарды пайдаланды. Практикалық жұмыс барысында әдіскер, ІІ тоқсанда өткен шебер класстан алған білімдері қажет болатын айта кетті. Практикалық жұмыс барысында кітапханашылар дайындық кезеңі, қандай сервистер қолдану керек екені туралы ақпарат алып, өздерімен акелген құжаттарды пайдаланып виртуалды көрмелер жасады.
Жасалған виртуалды көрмелерге сілтемелер:http://knijnyi.hol.es

-
Фотошоп бағдарлама кітапханашыға көмек ретінде
2016 жылдың ІІ тоқсанында «Фотошоп бағдарлама кітапханашыға көмек ретінде» тақырыбында кітапханашылар қатысуымен шеберлік класс өткізілді. Әдіскер іс-шара барысында кітап көрмелердің атауларын фотошоп бағдарламасының көмегімен тартымды қылып жасауға, осы бағдарламаның құралдарын қалай пайдалану керкек екенің айтып көрсетті. Шеберлік класта мысалы келтіру үшін Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арналған кітап көрмеге баннер жасалды. Шеберлік класс кітапханашылар үшін пайдалы болған екені байқалды, олар жұмыстарында пайдалануға болатын ұсыныстар алды. Шеберлік класс кітапханашыларға импульс берді, себебі олар өз жұмыстарында фотошоп бағдарламасын қолданып, берілген кеңестерге жүгініп, көптеген өнімдер жасап шығарды.


-
Өзінді тексер
Жоспар бойынша 2016 жылы кітапхана кадрларының біліктілігін арттыру мақсатында «Өзінді тексер» атты тренинг-ойын өтті.
«Өзінді тексер» тренинг-ойыны танымдық жағдайды, нормативтік және әдістемелік материалдар зерттеу, алынған білімді жұмыс барысында бекіту және қолдану жағдайды жасады. Сценарий Ижевск мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми кітапханасының сайтынан алынып, қазақ тіліне аударылып, пайдаланды.
Трениг-ойынға 8 кітапхана қызметкерлері қатысты, ойын 3 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең - "Лабиринт". Ойын қатысушыларына өзіндік лабиринтты дұрыс өтуі керек еді, - кітап көрмені ұйымдастыру кезеңіндегі іс-қимылдың дәйектілігін қалпына келтіру.
Екінші кезеңде: қатысушыларға кітаптар мен мақалалардың тыныс белгілері көрсетілмеген библиографиялық сипаттамаларының каталогтық карточкалар берілді. 5 минуттын ішінде библиографиялық сипаттамларға тыныс белгілерін қоюға ұсынылды.
Үшінші кезеңде: қатысушылар «Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті» сөзжұмбақты ойлап табу керек еді, мақсаты терминологиялық аппарат білімін тексеру, Кітапхананың ақпараттық қызметімен байланысты негізгі процестері мен терминологияларды зерттеу.
