-
«Өзінді тексер» тренинг-ойыны
«Өзінді тексер» тренинг-ойыны танымдық жағдайды, нормативтік және әдістемелік материалдар зерттеу, алынған білімді жұмыс барысында бекіту және қолдану жағдайды жасады.
Бірінші кезең - "Лабиринт". Ойын қатысушыларына өзіндік лабиринтты дұрыс өтуі керек еді, - кітап көрмені ұйымдастыру кезеңіндегі іс-қимылдың дәйектілігін қалпына келтіру.
Екінші кезеңде: қатысушыларға кітаптар мен мақалалардың тыныс белгілері көрсетілмеген библиографиялық сипаттамаларының каталогтық карточкалар берілді. 5 минуттын ішінде библиографиялық сипаттамларға тыныс белгілерін қоюға ұсынылды.
Үшінші кезеңде: қатысушылар «Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті» сөзжұмбақты ойлап табу керек, мақсаты терминологиялық аппарат білімін тексеру, Кітапхананың ақпараттық қызметімен байланысты негізгі процестері мен терминологияларды зерттеу.
-
Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету
Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету – оқырмандарға олардың талап-тілектері бойынша библиографиялық қызмет көрсету.
Анықтамалық-библиографиялық қызмет көбінесе «сауал-жауап» режимінде өтеді.
Барлық сауалдар мен анықтамалар ең алдымен библиографиялық және фактографиялық деп бөлінеді.
Библиографиялық анықтамалар түрлері:
Тақырыптық анықтамалар - белгілі бір тақырып бойынша библиографиялық хабарлама берілетін болса, ол тақырыптық анықтама деп аталады.
Нысаналы мақсаты бойынша тақырыптық анықтамалар екі топқа: жекеленген оқырмадардың, сондай-ақ коллективтердің, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің ғылыми және кәсіптік-өндірістік қызметіне көмек ретінде берілетін анықтамаларға және оқу, білімін өздігінен көтеру, тәрбиелеу, білімді насихаттау үшін көмек ретінде берілетін анықтамаларға бөлінеді.
Тақырыптық анықтамаларды топтауға олардың мазмұны негіз етіп пайдаланылады. Әдетте анықтамалар осы белгілері бойынша қоғамдық саяси, жаратылыстану мен техника жөніндегі, әдебиет пен өнер жөніндегі, сондай-ақ елтанушылық, өлкетанушылық, библиографиялық, жеке анықтамалар болып бөлінеді.
Нақтылаушы анықтамалар - библиографиялық сипаттамада, жоқ немесе бұрмаланған элементтерді белгілейді немесе анықтайды. Мұндай анықтаманың орындау кезінде оқырмандардың нақтылайтын сауалдарындағы дағдылы қателерді ескеру қажет, ол қателер мыналар:
- Автор фамилиясы қате көрсетілуі;
- Кітаптардың, мерзімді басылымдардың атауын қысқарту және жаңсақ көрсету;
- Аудармашыны,құрастырушыны, редакторды, безедірушіні кітаптың авторы деп көрсету;
- Басылып шыққан жылын, баспасын қате көрсету;
- Авторлы еңбекті коллективтік еңбек деп және керісінше түсіну;
- Мақаланы, кітаптың бөлімін, тарауын, көп томды басылымның томының немесе шығарылымының жеке бас тақырыбын дербес шығарманың немесе басылымның аты деп білу;
- Шығарыла беретін басылымдарға, симпозиумның, конференциялардың материалдарында және т.б. коллективтер атауының болмауы;
- Шетелдік басылымның атының орыс, не казақ тіліне дәл аударылмауы.
Адресті анықтамалар - құжаттың белгілі бір кітапхананың қорында болуы мен тұрған жерін анықтайды.
Фактографиялық анықтамалар – сауалдың мәні бойынша қайтарылатын жауап: дәл датаны, цифрларды, дәйексөздерді, құбылыстың, проблеманың сипаттамасын хабарлау, тұжырымдаманы баяндау, терминді түсіндіру т.б.
Библиографиялық консультация - тақырыптық анықтамаға өте жақын, бір жолғы сауалға библиографиялық іздестірудің жолдары мен құралдарын дербес пайдалану жөнінде ақыл-кеңес берілетін жауап.
Пайдаланған ресурстар:
Ахметова, С., Ақшалова. Кітапханадағы библиографиялық жұмыс: ұйымдастыру мен методика [Мәтін]. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 152 бет.
Соболева, Т. библиографическая студия: Виды библиографических справок и особенности их учета [Электронный ресурс] / Т. Соболева // Ивановская обласная библиотека для детей и юношества.- Режим доступа: http://www.iv-obdu.ru/content/view/193/38 . – Загл. с экрана.
-
Каталогтау
Каталогтау – Баспа шығармаларын кітапханалық өндеудің (сыпаттама жазу, жіктеу және пәндеу), сондай-ақ кітапхана каталогын ұйымдастыруға кіретін процесстер мен операциялардың бір бөлігі болып табылатын әдістер мен процестер жиынтығы.
Каталогтау маңызды процестері:
Ø библиографиялық сыпаттама / жазба;
Ø жіктеу және пәндеу;
Ø Қаталогтық карточкалар және кітап формуляры таралымын анықтау және дайындау;
Ø Баспа шығармаларын техникалық өндеу.
Каталогтау технологиялық процестері:
Библиографиялық сипаттама жасау
Библиографиялық сипаттама – Баспа шығармалары (олардың бір бөлімі немесе бір топ шығармалар) туралы мәлімет беретін библиографиялық жазбалардың негізгі бөлімі. Мұндағы мәліметтер мемлекеттік стандартқа және баспа шығармаларына сипаттама жазу ережелеріне сәйкес берілген жүйе бойнша келтіріледі. Б.с.-сипатталған шығарманың біркелкілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның мазмұны, қандай оқырмандар тобына қандай мақсатпен жазылғаны, көлемі, суретті материалдардын баржоқтылығы, көмекші аппараттардың құрамы т.б. жайлы да түсінік беруге тиіс.
Сипаттама түрлері:
Монографиялық сипаттама – көп томды басылымның, көп томды басылымның жеке бір томын немесе бір бөлімнен тұратын сериалды басылымға жазылатын сыпаттама.
Аналитикалық сипаттама (АС) – басылымның бір бөлігін: жинақ, журнал, газет, жалғасты басылымдар ішіндегі бір мақаланы немесе басқа материалды; кітаптың бір бөлімін, тарауын немесе тармағын: көп томды не жалғасты басылымдардың жеке бір томын библиографиялық сипаттау.
А.с. толық және қысқа болып келеді. Егер шығарманың дербес титулды беті бар болса, мысалы, көп томды басылымдардың екі томы, онда оған толық А.с. жазылады.
Толық А. С.-да сыпатталып отырған шығарма туралы барлық библиографиялық мәліметтер беріледі, сонда-ақ шығарма құрамына кіріп отырған басылым туралы кысқаша мәліметтер болады.
Қысқа А.с.-дербес титулды беті жоқ шығармаларға жазылып, сипатталып отырған шығарма және ол жарияланған басылым туралы негізгі мәліметтер береді.
Жинақты сипаттама- көп томды, сериялық, жалғасты және мерзімді басылымдар комплектіне жазылатын сипаттама.
Ол екі бөлімнен тұрады:
Ø Жалпы бөлімі (тұтас алғанда басылымға қатысты мәліметтер)
Ø Арнаулы бөлім (жеке томдарға, шығарылымдарға, дәптерлерге, нөмерлерге т.б. қатысты мәліметтер).
Бір немесе бір топ шығарманың түрліше жариялануы жөніндегі мәліметтерді біріктіретін сыпаттама.
Библиографиялық сипаттама туралы толығырақ
Ø Библиографическое описание книг
Ø Библиографическое описание статей
Ø Описание официальных документов
Ø Библиографическое описание электронного ресурса
Ø Правила составления библиографической ссылки
Пайдаланған ресурстар:
Кітапхана терминдерінің сөздігі [Мәтін] / құраст. С. Г.Антонова, Г. А. Семенова. – М.: Книга, 1985. – 303 с.
В помощь начинающему библиотекарю [Электронный ресурс] /КОУНБ им.Н.В.Гоголя // Карагандинская областная универсальная научная библиотека им.Н.В. Гоголя.- 2014.-18 апреля.- Режим доступа: http://karlib.kz/index.php/ru/prof-meropriyatiya/32-metodicheskij-blog/1197-v-pomoshch-nachinayushchemu-bibliotekaryu . – Загл. с титул. экрана.
Федоров, А. Библиографическое описание электронного ресурса: схема описания электронного ресурса [Электронный ресурс] / А. Федоров // Культура вкусов.-2009.-7 сентября.- Режим доступа: http://ideafor.info/?p=111. – Загл. с экрана.
-
Каталогтар
Кітапхана каталогы (К) – бір кітапхана немесе бірнеше кітапхананың жинақталған кітап қорында бар баспа шығармаларының белгілі бір жоспар бойынша құрастырылған қор құрамының мазмұнын ашып көрсетуге, оқуға мақсатты басшылық жасауға, оқырмандардың кітап іріктеп алуына көмектесуге арналған тізбегі. К. – кітапхананың негізгі анықтама және информациялық-іздестіру аппараты. Кітап қорының құрамындағы баспа шығармаларының алуан түрлері, тақырып жағынан сан салалығы, сондай-ақ оқырман сұранымының елеулі айырмашылығы кітапханада бағыты мен құрылымы жағынан әр түрлі каталогтар мен картотекалар жүйесін жасауды қажет етеді. Кітапхананың әрбір типы үшін К-тың қажетті минимумы белгіленген. Кітапхана толықтығына қарай бас каталог, орталық каталог және жинақты каталогқа бөлінеді.
Ø Бас каталог – кітапхананың кітап қорын, оның қай жереде сақталанатынына қарамастан, түгел жинақтап көрсететін негізгі каталог.
Ø Орталық каталог – кітапхананың негізгі қоры мен оның барлық филиалдарының қорын
қамтып көрсететін каталог. Мысалы, бұл каталогтар орталықтанған кітапханалар жүйесінің орталық кітапханасында және жоғары оқу орындарының кітапханаларында жасалады. Ол жинақты каталог қызметін атқарады.
Ø Жинақты каталог – бірнеше жеке кітапханалардың қорын жинақтап көрсететін каталог.
Сиглдардың (қатысушы кітапханалардың шартты белгісі) көмегімен Ж.к.-те қай кітапхана қорында кандай кітаптардың бар екені көрсетіледі. Материалдарды топтастыру әдісі бойынша Ж.к. әдетте жүйелік және алфавиттік, ал формасы жағынан карточкалы немесе баспа түрінде болады.
Кімге арналағанына қарай олар: оқырмандар каталогы және қызмет бабы каталогы болып бөлінеді; материалдардың топтастырылу әдістеріне қарай алфавиттік жүйелік және пәндік болып бөлінеді.
Ø Оқырмандар каталогы – оқырмандардың пайдалануына арналған каталог.
Ø Қызмет бабына пайдаланатын каталог – кітап қорын толықтыру және әдебиеттерді
өндеу, анықтама-библиографиялық т.б. жұмыс процесттеріне пайдалануға арналған каталог. Көп жағдайда бұл каталог бойынша жеке оқырмандардың оқырмандар каталогында жоқ әдебиеттер жайында сұранымдары орындалады.
Алфавиттік каталог (АК) – баспа шығармаларына жазылған сипаттама карточкалар автор фамилиясының, коллективтік авторлар атының және шығарма тақырыбының алфавиттік ретімен орналасатын каталог.
АК-тың негізгі мақсаты – анықтама-информациялық қызмет атқару. А.к. бойынша:
кітапхана нақты бір кітаптың, белгілі бір автордың кітабының, белгілі бір мекеме еңбектерінің бар-жоғын, олардың қандай басылымда қай тілдерде жинақталғанын тез анықтауға болады.
АК қордың авторлар құрамын ашып көрсетеді, сондықтан кейде «авторлық каталог» деп те аталады.
АК-тің құрылымы – қабылданған алфавитпен және каталогтық карточкалардың орналасу ережесімен белгіленеді. Егер АК түрлі тілдерде шыққан баспа шығармаларын қамтитын болса, онда әрбір тіл бойынша немесе бір графиканы пайдаланатын бірнеше тілдер тобы бойынша жеке алфавиттік қатардан тұрады.
АК-ті типі мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, кітапханалардың бәрі жүргізуге тиіс. Ірі кітапханаларда қызмет бабына пайдаланатын алфавиттік каталог әдетте бас каталог қызметін атқарады. Осылармен қатар кітапханада оқырмандардың алфавиттік каталогы, сондай-ақ жеке қорлардың каталогтары, картотекалары жасалады.
Жүйелі каталог (ЖК)– баспа шағармаларына жазылған сипаттама карточкалар мазмұнына сәйкес, білім салалары бойынша орналастырылған, одан әрі қарай бөлімдер неғұрлым ұсақ бөлімшелерге бөлініп, логикалық бірізділікпен және бір-біріне бағынышты қойылған каталог.
ЖК құрылымы кітапханада қабылданған кітапханалық-библиографиялық жіктеу жүйесі бойынша белгіленеді. Бұл каталогтың негізгі функциялары – анықтама-информациялық және әдебиеттер ұсыну функциялары. ЖК-тың информациялық функциясы оның қор мазмұнын ашып, қажетті әдебиеттерді іздестіруді қамтамасыз етумен белгіленеді. Әдебиеттер ұсыну функциясы – ғылыми жүйелік, көрнекілік, жалпы ұғымнан жалқы ұғымға, қарапайым түрден күрделілікке көшіп отыру сияқты дидактикалық аса маңызды принциптері айқын көрінетін ЖК құрылымымен анықталады.
ЖК бойынша іздеу жұмысын жеңілдету және жеделдету үшін Алфавиттік-пәндік көрсеткіш (АПК) көмекші аппарат бар. Онда пәндік рубрикалардың алфавиттік тізбегі жасалып, олардың әрқайсысында жіктеу индексі көрсетіледі.
Пәндік каталог (ПК)– баспа шағармаларына жазылған сыпаттамалар мазмұны бойынша, нақты пәні немесе зерттеу объектісі бойынша қойылып, пәндік комплекстер жасайтын рубрикалар мен кіші рубрикалардың алфавиттік қатары бойынша орналасқан каталог.
ПК-тың құрылымы пәндік рубрикалар тізімімен белгіленеді. Оның негізгі функциясы – анықтама-информациялық қызмет. ПК-тегі бір ерекше маңызды нәрсе – документтің мазмұнын сипаттау дәлдігі, мұндағы пәннің аталымы, парадигматикалық қатынастар мен синтагматикалық қатынастардың есебі нақты дәл берілуі керек, олар пәндік рубрикалар мен кіші рубрикаларды құрау ережелерінің көмегімен жасалады.
Өлкетану каталогы (ӨК)– белгілі бір облысқа, өлкеге, республикаға ауданға қатысты бар әдебиеттерді неғұрлым толық камтып көрсететін каталог.
ӨК алфавиттік және жүйелі каталогтар түрінде жасалады. Бұл каталогқа қосымша жергілікті басылымдар каталогы мен жергілікті газеттер картотекасы жасалады.
Пайдаланған әдебиет:
Кітапхана терминдерінің сөздігі [Мәтін] / құраст. И.М.Суслова, Л.Н.Уланова; ауд. Б.Нүсіпбекова, Д.Казбекова. – Алматы : «Мектеп», 1981. – 232 бет.
-
Кітапханалық статистика
Кітапханалық статистика кітапхана жұмысымен байланысты, сандық құбылыстар мен процестерді зерттейді.
Статистикалық көрсеткіштер, ұзақ мерзімге есептелген, олардың болашақтағы даму үрдісін анықтауға мүмкіндік береді, келешекті жоспарлардын құрастыруы негізі болып табылады.
Абсолюттік бақылау көрсеткіштері
Оқырмандар есебі кітапхана қызметін пайдаланатын оқырмандар санын көрсетеді. Есеп бірлігі ретінде оқырман формулярлары алынады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі. Бір кітапхана қызметкеріне (ставка) 300-ден 500 адамға дейін болу керек (тұратын халықтың саны ескерілуі қажет).
Кітап берілімі есебі оқырмандар оқыған баспасөз өнімдерінің санын көрсетеді.Берілімнің есеп негізі ретінде оқырман формулярында жазылған жазбалар алынады. Берілім бірлігі ретінде кітаптар мен брошюралар, қалың журналдар үшін - дана, ал газеттер мен жұқа түпті журналдар үшін – жинақ саны алынады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі. Бір кітапхана қызметкеріне (ставка) 8 мыңнан 10 мыңға дейін құжат берілімі болу керек.
Келушілер есебі кітапханаға бір күн ішінде келген, күнделікті оқырмандар формулярын санау арқылы жүргізіледі. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі.
Көпшілік жұмыстар есебі кітапханада ұйымдастырылатын кітап көрмелерінің, түрлі кештер мен конференциялардың, шолу, әңгімелердің, ауызша журналдар жиынтығынан тұрады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі.
Салыстырмалы бақылау көрсеткіштер
Оқылымдық бір жыл ішінде бір оқырманға берілген кітаптардың орташа саны. Бір жыл ішінде берілген кітап санын оқырмандар санына бөлу арқылы есептеледі.
- Кітап берілімі
- Оқырмандар саны
Келушілік бір жыл ішінде бір оқырманға келетін келімдердің орташа саны.Бұл көрсеткіш оқырманның кітапханаға белсенді келгенің сипаттайды. Бір жыл ішінде келушілер санын оқырмандар санына бөлу арқылы есептеледі.
- Келім саны
- Оқырмандар саны
Кітап қорының айналымы кітапқорын пайдалану дәрежесін сипаттайды. Бір жыл ішінде берілген кітап берілімін жыл аяғындағы кітапханада бар кітаптың санына бөлу арқылы есептеледі.
- Кітап берілімі
- Кітап қоры саны
Кітаппен қамтамасыз етілуі тіркелген бір оқырманға келетін кітаптың орташа саны. Кітаппен қамтамасыз етілу оқырмандар санына қатысты кітап қорының көлемін, яғни, жеткіліктілігін сипаттайды. Жыл аяғындағы кітапханада бар кітап санын оқырман санына бөлу арқылы есептеледі.
- Кітап қоры саны кітап қоры саны
- Тұрғындар саны оқырмандар саны
Бір оқырманның кітаппен қамтамасыз етілуі – 10-12 кітапты құруы керек.
Бір тұрғынның кітаппен қамтамасыз етілуі – 5-7 кітапты құруы керек.
Қорды жаңарту – кітапхана қорын жүйе ретінде анықтайтын, қорды ақпараттық мазмұны, құжаттардың түріне және басқа да параметрлер бойынша жаңа жағдайға келтіретін процесс. Қазіргі заманғы ақпараттық мазмұнды жаңа құжаттар қорға келіп түскенде, ондағы ескірген басылымдар есептен шығарылады. Бұл процесс толықтыру процессі сияқты шектеусіз. Қордың толық жаңару уақытын анықтау үшін келесі жаңару дәрежесі көрсеткіші қолданылады:
Н% =
Фпt
х 100%
Фо Фпt - Ф иt
Н% - жаңару дәрежесі.
Фпt - «t» мерзімі ішінде (1 жыл) түскен құжаттар саны. (Мысалы 1000 дана)
Ф иt - «t» мерзім ішінде есептен шығарылған басылымдар саны (Мысалы 500 дана)
Фо - «t» мерзім басындағы қор көлемі ( Мысалы 10 000 дана)
Осылайша, Н=1000/10000 1000-500) = 0,9 немесе 9%. Яғни, қор жыл сайын 9% жаңарады. Оның толық жаңаруы үшін 11-12 жыл керек.
Н% – 1 жыл
100% – Х жыл
9% – 1 жыл
100% – Х жыл
Халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді қамтудың пайызы оқырмандар санын тұрғындар санына бөлу жолымен және оны 100%-ға кеміту арқылы есептеледі.
Қамту %
Оқырмандар саны
х 100%
Тұрғындар саны
Кітапханашыға көрсеткіш жүктемесі бір жыл ішінде тіркелген оқырмандар санын, кітапхана қызметкерлері санына бөлінеді.
Оқырман саны
Кітапхана қызметкерлері
-
КБЖ кестесінің негізгі құрылымдары
КБЖ кестесі кітап қорларын ұйымдастыру бойынша жұмыстарға, кітапхананың барлық жүйелерінде жүйелі каталогтар мен картотекалар құрастыруға арналған
- Жалпығылыми және дисциплинааралық білім.
- Жаратылыстану ғылымдары.
- Жалпы жаратылыстану ғылымдары.
- Физикалық-матеметикалық ғылымдар.
- Химиялық ғылымдар.
- Жер туралы ғылымдар (геодезиялық, геофизикалық, геологиялық, географиялық
ғылымдар).
- Биологиялық ғылымдар.
- Техника. Техника ғылымдары.
- Ауылшаруашылығы мен орман шаруашылығы.
- Денсаулық сақтау. Медицина ғылымдары.
6/8. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар. 60. Жалпы әлеуметтік ғылымдар.
- Тарих. Тарихи ғылымдар.
- Экономика. Экономика ғылымдары.
- Саясат. Саяси ғылымдар.
- Мемлекет және құқық.
- Соғыс ғылымы. Соғыс ісі.
70 79. Мәдениет. Ғылым. Ағарту.
- Мәдениеттану.
- Білім. Педагогикалық ғылым.
- Спорт.
- Жалпы бұқаралық ақпарат.
- Жалпы мәдени ағарту жұмыстары.
- Кітапхана ісі.
- Тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау
80 84. Филология ғылымдары. Көркем әдебиет.
- Жалпы филилогия ғылымдары.
- Тіл білімі.
- Ауыз әдебиеті. Фольклортану.
- Әдебиеттану.
- Көркем әдебиет.
- Өнер.
- Дін. Мистика. Ой бостандығы.
- Философия.
- Психология.
- Әмбебап мазмұнды әдебиет.
92 я 2. Анықтама басылымдар.
- Ғылыми-көпшілік басылымдар.
