Поэтикалық баттл
Қазан айының 20-шы жұлдызында, қалалық кітапханада , 25 қазан - Республика күніне орай, «Жыр менің әлемім» атты поэтикалық баттл өтті. Поэтикалық баттлдың мақсаты: дарындының дарындысын анықтап, жастар ортасында шығармашылық әлемінің өрісін кеңейту. Баттл 3 кезеңге бөлінді. Ақындардың жыр шумақтары оқылып, әр түрлі әдеби сұрақтар қойылды. Қатысушылар «Жыр менің әлемім» тақырыбында өз қаламынан шыққан шығармаларын ұсынды. Әр кезең өзінің жеңімпазын тапты.
1-ші орынды Ғабдулла Айнұр иеленсе, 2-ші орынды Хамитжан
Жасмина қанжығасына байлады. Ал 3-ші орынды Бақтияр Балауса иеленді. Алғыс хатпен Орынбай Ансар марапатталып, бағалы сыйлықтарға иеленді. Қызықты да, өте қарқынды өткен баттл қатысушылардың көңілінен шығып, өз ілтипаттарын білдірді.
