«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Жыл кітабы "Өсиетнама" Дулат Бабатайұлы

С.Сейфуллин атындағы Қаражал қалалық кітапханасы «Бір ел - бір кітап» акциясы биылғы жыл кітабы ретінде таңдалған зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз - Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" кітабы таңдалып жарыққа шықты. Ақынның кітабын, өлеңдерін насихаттау мақсатында кітапханалық десант ұйымдастырылды.

Кітапхана қызметкерлерінен құрылған десант орталық алаңда өтті. Мақсаты: Қала тұрғындарын Дулат Бабатайұлының кітаптарын белсене оқуға белсенділіктерін танытып,оқуға деген қызуғышылықтарын арттыру,жүргіншілерге жарнамалық баспа өнімдері таратылды.

Ақын Дулат Бабатайұлының тереңінде тұнып жатқан өмір таным толғамдары мен ой түйіндерін ,ақынның терең ойлы, көркем бейнелі, маңызы мен мәнін мәңгілік жоғалтпайтын жыр жауhарлары қашанда тағлым .Ақынның сөздерінде қазақтың шешендік өнеріне тән қысқалық,нұсқалық,көркемдік,шыншылдық, турашылдық,алмастай өткірлік,сенімділік тағы басқа ерекшеліктерін айта отырып Дулат Бабатайұлының кітаптары оқырмандардың назарына таныстырылып өтті.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово