«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Жетістік формуласы

«Жетісітік формуласы» бенефис шоуы "Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы" КММ бастамасымен «Saryarqa» арнасында телевизиялық түсірілімі болды. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген. Осындай бастама алғаш рет 2019 жылдың мамыр айының 23 жұлдызында Қаражал қаласының орталық қалалық кітапханасында диалог алаңында өтті. Бенефис-шоу қонағы болып Қаражал қаласы КМҚК «Балалар өнер мектебі» басшысы Рахим Әбдірәсіл Нығманұлы шақырылды. Көптеген халықаралық конкурстардың Гран-при иегері мектеп жасынан өңерге бейім болған. Диалог алаңының қатысушылары Әбдірәсіл Нығманұлынан оның жетістік формуласын білді. Құрметті қонақтың айтуы бойынша: «Жетістікке жету адамның өз қолында, өзіңнің сүйікті ісіңмен дарынды түрде айналысу керек, ал ерте ме, кеш пе адам көпшілікке танылады». Диалог барысында қонағымызға хоббийі, болашақ жоспарлары, өмірлік ұстанымы, туралы сұрақтар қойылды. Кейіпкер өзінің өмірінде болған қызықты оқиғаларды әзіл-сықақпен еске алып, ол оқиғаларды балаларға зор ғанибетпен әңгімелеп берді. Әбдірәсіл Нығманұлы балалардың ойында жүрген сұрағына жауап беріп қана қоймай, домбырамен күйде де шырқады. Қонақ үшін барлық сұрақтар өте қызықты болды. Әбдірәсіл Нығманұлы түйіндей келе, диалог алаңының белсенді қатысушыларына әндер жинағымен таныстырып, және сендер Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің алтын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күштерінізді салыңыздар деп бағыт бағадар берді. Жоба ұйымдастырушылары Әбдірәсіл Нығманұлына табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» Алғыс хаттын табыс етті.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово