
2020 жылдың ақпан айының 11 жұлдызында Қаражал қаласының орталық қалалық кітапханасында «Жетісітік формуласы» бенефис шоуы өтті. Диалог алаңында дзюдо күресінен спорт шебері, Жоғары дәрежелі 2 санатты жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының жастар арасындағы екі дүркін чемпионы, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, жастар арасындағы Еуропа Кубогінің чемпионы , Қаражал қаласының мамандырылған олимпиадалық резервтегі дзюдо балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры - Ким Артем Сергеевич №3 – ші мектебінің оқушыларымен кездесті. Кейіпкер өзінің өмірінде болған қызықты оқиғаларды әзіл-сықақпен еске алып, ол оқиғаларды балаларға зор ғанибетпен әңгімелеп берді. Сұхбат барысында, қонағымызға спорт әлеміндегі жетістіктері, хоббийі, болашақ жоспарлары, өмірлік ұстанымы, туралы сұрақтар қойылды. Артем Сергеевич балалардың ойында жүрген сұрағына жауап берді. Қонақ үшін барлық сұрақтар өте қызықты болды. Артем Сергеевич соңында қатысушыларға өзінің жетістік формуласымен бөлісіп ақыл кеңесін айтты.
