«Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі» тақырыбында кітап көрме
Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленгелі оны атап өту дәстүрге айналды десек артық айтпаспыз. Бүгін орталық кітапхана қызметкелері мен оқырмандары осы мерекені жоғары деңгейде атап өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болып табылады. Сонымен қатар кітап сөресіне «Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі» тақырыбында кітап көрме ұсынылып, "Жұмысшы – еңбек адамы – ел тірегі" атты ақпараттық сағат өтті. Биылғы жыл еліміз үшін маңызды бір бастама – 2025 жылдың "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялануына байланысты Президентіміздің тапсырмасымен 2025 жыл елімізде жұмысшы мамандықтарының мәртебесін астарды нақты еңбекке баулу мақсатында арнайы жыл ретінде белгіленіп отыр.
Іс-шара барысында еңбек тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер айтылды Қаражал қаласының тау-кен техникалық колледжінің студенттері оқып жатқан мамандықтары жайлы презентация жасады. Қаражал қаласының тау-кен техникалық колледжінің ұстаздары Сағындықова Маржан Есенбаевнаға және Калимуллина Анна Васильевнаға сөз берілді. Еңбек – елдің тірегі, мамандық – адамның болашағы демекші баяндама оқылды. Жастар өз белсенділіктерін танытып пікірлерімен, ойларымен бөлісті.
Жаңалықтар
"Жұмысшы – еңбек адамы – ел тірегі" атты ақпараттық сағат
Қаралды: 32
