«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Үздік ана

Previous Next

Байқау
Қаражал қаласының 60 жылдығына орай ұлттық құндылықтар мен дәстүрді насихаттау мақсатында кітапханада нәзік жанды оқырмандар арасында «Үздік ана» атты байқауы өтті. Байқауға 7 үміткер қатысты. Таныстыру, өз өнері, сұрақ -жауап және аспаздық өнер сынға түскен сайыста аналар өнерлерін ортаға салып, көрермен мен әділ-қазылардың ыстық ықыласына бөленді. Жеті кезеңнен тұратын сайыстың алғашқы таныстыру бөлімінде қатысуышалар өзі мен отбасы туралы бейнекөрсетілім дайындап, бірі - қарасөз, бірі - көркемсөз арқылы жеткізсе, енді біреулері – әнге арқау етіп, бірі – монологпен тебірене айтып берді. Ал екінші сұрақ – жауап кезеңінде салт –дәстүрге , Қаражал қаласының 60жылдығына байланысты сұрақтарға жауап беріп, «Кім жылдам» кезеңінде , шапшаңдықтарын байқау мақсатында картоп ашып, түйме қадап, қамыр жаюдан жарысты. «Бір қолымен – бесікті, бір қолымен – әлемді тербеткен» аналар осындай ибалылық пен инабаттылықты бойына жиып, аяулы жар, асыл ана, сүйікті келін атанып отырып, көрген тәрбиелерін өнеге етіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып жас аналарымыз сайыстың көркін қыздырды Байқау соңында әділқазылар алқасы Дюсенбекова Лаура байқаудың жақсы деңгейде өткенін айта келе, жүлдегерлерге марапат ұсынып, қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етті. Нәтижесінде, бас жүлде Қарлығаш Байболсынқызы , 1-орын Габдулла Маржан, 2-орын Касимова Рахаткүл , 3-орын Мурсалимова Бейбітгүлге бұйырды, ал қалған қатысушыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

 

 

 

 

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово