
Қырықбай Кентайұлы 1941 жылы 25 желтоқсанда Қоңырөлеңде дүниеге келген, Ескенеде өсіп, Қаражал қаласында есейген. Кезінде қалалық ішкі істер бөлімінде, «Батыс Қаражал» шахтасында жұмыс атқарған. Бүкіл саналы ғұмырын кеншілік мамандыққа арнап, ел дәулетінің еселеп артуына көп еңбек сіңірді. Бұл күнде – еңбек ардагері. «Қаражал қаласының құрметті азаматы». Жасынан зерек әкесінің айтқан әңгіме – жыр, дастандарын тыңдап, жадына жақсы сақтай білген. Мектеп табалдырығын аттамай хат таныған. Ағасы Әкіжан ертегі оқып бергенде соны қолма – қол жаттап алған, сол арқылы әріптерді өзі үйренген. 5 жасында «Констонтиновна» сөзі неше әріптен тұратынын ересектерден бұрын айтқан. 8 класс бітіргеннен кейін оқи алмаған, Қаражалға келіп атшы болып жұмыс істеген. 10 жылдықты «эксторно» бітіріп, Қызылорданың пединститутына оқуға түскен.
Кішігірім арнау өлеңдер шығарып жүрген. Зейнеткер болғаннан кейін өлең өрісіне біржолата бет қойған. Өлеңдері ойлылығымен, орнықтылығымен, тереңділігімен, мазмұндылығымен ерекшеленеді.
Қаражал қаласының өлең өнерін толық меңгерген жазба ақын ретінде танылды. Ортан қолды ақын болып қалыптасты. Толғау, дастандардан бөлек жиырма шақты әндеріне нота жазылып орындалып жүр. Мысалға Қаражал вальсі сазы С. Әшімовтікі. Қара меңді, сап – сары орамалым делінген жолда ойланатын мағыналы сөз жатыр. Өмірге шыр етіп, кіндік қаны тамған жері Қоңырөлеңге арналған әнінде, сол мекенді менің Темірқазығым деп өте орынды жазған.
Көптеген өлең – жырлары мерзімді баспасөз бетінде жарияланған. Әндері ел аузында айтылып жүр. 2004 жылы Қырықбай Кентайұлының Алтын бесік – Сарыарқам өлеңдер, дастан-толғаулар жинағы жарық көрді. 67 жасында бұл фәни жалған өмірден мәңгілекке аттанып кетті. Отбасы: жұбайы, екі ұлы, немерелері бар. «Алтын бесік – Сарыарқа» өлеңдер жинағы 2004 жылы жарық көрді.
Ақынның мақалалары:
