кездесу кеші
Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 35 жыл толмақ. Осыған орай Қаражал қаласының орталық кітапханасында «Уақыт Сізді таңдады...» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Кештің мақсаты: Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер, атап айтқанда Набокин Андрей Иванович, Алпысбай Көшкінбайұлы Садыков, Думан Ибрахимұлы Өтемісов, Серік Ұзақбайұлы Игибаевтар қатысты.…
