Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне орай «Тілім менің – елдігімнің тұғыры» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын насихаттау, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, үштілділікке дамыту, оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға 9-11 сынып оқушылары қатыстырылды.Сайыс 4 кезеңмен өткізілді. Сайыс барысында оқушылар өздерінің Отанға деген ыстық сезімдерін, тілге деген жанашырлықтарын көрсетті Оқушылар арнайы дайындалған сауалдарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Қатысушыларымыздың тіл байлығы, ой шапшаңдығы, шешендік қабылеті, топ алдында еркін сөйлеуі, тақырыпты аша және талдай білуі ерекше бағаланды. Сайыс қорытындысы бойынша І орынға Қадірбек Сәуле, II орын Сажинова Ақбота, ІІІ орын Жылқыбай Зейнеп ие болды.Белсенділік танытып, қатысқандары үшін мадақтамалар мен сыйлықтар табыс етілді. Әділ қазылар мүшесі білім бөлімінің заңгері Артықбаев Жалғас Елгелдіұлы барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта бұдан да жақсы өнер көрсетулеріне игі тілегін жолдады.

