«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Тіл байлығы - ел байлығы

5 қыркүйек күні тіл мерекесіне орай Халыққа қызмет көрсету орталығының пайдаланушыларына «Тіл байлығы  – ел байлығы»  атты кең көлемді кітап көрмесі назарларына ұсынылып, көрмеге шолу жасалып, ақпараттық сағат өткізілді. Жүрегі қазақ деп соққан әрбір оқырманды  Тіл мерекесімен және алаштың арысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен құттықталды. «ҚР Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. «Елімізде Абайдың туған күнін барлығы жақсы біледі. Кеңес одағы кезінен бері тамызда Абай атамыздың туған күні кең көлемде аталып өтеді. Сондықтан 5 қыркүйек - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнін де осындай деңгейге жеткізу мақсатында ауыстырылды.  Бұрын бұл мереке қыркүйек айының үшінші жексенбісі болатын.  Кітап көрмеге 55 кітап қойылды. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке, ұлттың қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді.Тілдер күні -  мемлекет азаматтарының достығын , туысқандығының , бірлігінің белгісі. Ана тіліміз мәңгі болсын!

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово