«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Previous Next

Дөңгелек үстел
17 Наурыз – тарих күні, бұл күні жастарды ұлттық құндылықтарға баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу, туған өлкенің тарихы туралы ойларын кеңейту, қалыптастыру мақсатында, Қаражал қаласының 60 жылдығы аясында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс – шараға 9-11 сынып оқушылары қатысы. Аталған шараға қонақ ретінде қатысқан қаламыздың құрметті азаматы Сатанов Рахымжан , №7 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің ұстаздары. Қаламыздың құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз Сатанов Рахымжан сөз сөйлеп, жастарды тарихты зерделеуге және өз елін сүюге шақырды. Дөңгелек үстел барысында Мұхаметжанова Алия мен Тулегенова Мақпал Қаражал қаласының тарихына тоқтала кетіп, «Қазақ тарихы» тақырыбында баяндама жасады. Оқушылар кездесу барысында сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Бүгінгі күндегі тәу етер тәуелсіздік ұғымының қаншалықты маңызды, баға жетпес асыл құндылық екенін оқушылар санасына сіңіріп, ел дамуы үшін қосар үлесін саралады. Шара соңында «Ұлы даланың тұлғалары» атты кітап көрмеге шолу жасалды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово