кітап көрме
31- мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай " Тарихтан тағлым-өткенге тағзым" атты кітап көрме өткізілді.
Кітап көрменің мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу.Өткен тарихымыздан тағлым ала отырып,бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы тарихи шындықты жеткізу.
Кітап көрмеде:
Қазақтың озық зиялылары-Алаш қозғалысы өкілдерінің тағдырын көрсететін материалдар.
Зобалаң жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған зиялылардың ерліктері,қайсарлығы, табандылығы, еліне деген адалдығы туралы құжаттар мен материалдар жинақтары кең фарматта қойылған.Деректер мен материалдар .Жазушысы Қоғабай Сәрсекеев "37жыл" кітабы, үш тілде жазылған,қаламгер сол қаралы 1937жылдың ащы шындығын айғақтайтын материалдар негізінде жазылған жазушының төл туындысы.Көрмеге алаш-зиялыларының сол дәуірде қайшылықты болмысын, қиыншылыққа ұшыраған адамдардың рухани төзімділігін, өздері іргетасын қалаған қоғамның бет-бейнесін ашу туралы тарихи әдебиеттер қойылды.
Азаттықтың ақ таңын аңсап, елінің тәуелсіздігі үшін қажет кезінде қолына қалам да, қаруда ала білген күрескерлер алаш зиялылары, Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедұлы ,Мұстафа Шоқай тағы да көптеген зиялылар, жазушылар Сәкен Сейфуллин,Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев , Ілияс Жансүгіров. Көрмеде , жазушылар Момбек Әбдәкімұлы"Зобалаң", Дихан Қамзабекұлы "Алаш арқауы" тағы да көптеген авторлардың шығармалары қойылды.
Кітап көрмеде барлығы: 105 кітап қойылды.
