«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Тәуелсіздік тұғыры - биікте

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 30 жылда қол жеткізген жарқын жетістіктер мен  өткен тарихты кемел  болашақты қара өлеңнің құдіретімен қалың жұртшылыққа паш ету мақсатында «Тәуелсіздік тұғыры – биікте» атты онлайн жыр мүшәйрасы өткізілді. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының мүшесі жергілікті ақындарымыз,қаламыздың құрметті азаматтары  Төлеухан Ілиясов мен Жарқынбай Жетімек, Қаражал қаласының «ОКЖ»  «КММ» директорының м.а Окасова Жанар Жүсіпқызы өлеңдердің әділ бағалануына өз үлестерін қосты.Егемендік мерекесі қарсаңында жыр бәйгесі қоры­тындыланып, жеңім­паздар қазылар алқасы талапкерлердің өлең­дерінің мазмұнына, ой ұтқырлығына, тақырыпты талдап, таразылап, жыр тілінде жеткізе білу қабілетіне ерекше назар аударды.Қазылар алқасының шешімімен «Өз туындылары» номинациясының жеңімпазы Амантай Балшырын Бейсенбайқызы,  «Ақын өлеңдерін  жүректен жүрекке жеткізу» номинациясының жеңімпазы Сажинова Индира Қанатқызы , «Қазақ ақындарының өлеңдерін үздік орындаған» номинациясының жеңімпазы Қуаңбай Жансұлу жеңімпаз атанды. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілңп,  қазылар алқасы мүшелері сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтап, өлең жазуға, ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуға  бағыт-бағдар  берді. Осылайша, мүшәйра жоғары деңгейде қорытын­дыланып, жүлдегерлер алғыс арқалап, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово