
Жыр кеші
Тәуелсіздік күніне орай кітапханамызда біршама іс-шаралар жоспарланды. Соның бірі, «Тәуелсіздік – биік сенің айбының» атты жыр кеші өтті. Осы кештің арнайы қонақтары ретінде келген мектеп оқушылары мен ұстаздар, қаламыздың жас ақындары, жастарға Тәуелсіздік жетістіктері туралы ой-толғамдарымен бөлісті. Кеш барысында Қ.Сариннің «Тәуелсіздік», М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы», А.Боранбаева «Желтоқсанның желі», аязы, ызғары», Ш.Сариев «Желтоқсан» атты өлеңдерді нақышына келтіріліп оқылды. Іс – шараға қатысушылар тәуелсіздік туралы пікір алмасып, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, № 7 орта мектебінің оқукшысы Кеңес Нұрай Тәуелсіздікке ұмтылу жылдарында қан кешкен асыл боздақтар туралы ой қозғап, олардың Отанын жан-тәнімен сүйіп, қаһармандықтың үлгісін көрсеткен ерліктері жайлы айтты. Кеш қатысушылар назарына Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» атты өлеңін оқып берді. № 7 орта мектебінің тарих пәні оқытушысы М.Төлегенова, Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін, оның қымбат екенін баяндап берді. Тәуелсіздік – білектің күшімен, найзаның ұшымен қан майданда шайқасқан бабаларымыздың басынан өткерген азапты күндерінің өтеуі ретінде ұрпағына берілген ұлы сый екендігін, 1986 жылғы оқиғаға қатысқан жастардың берік рухының отаншылдық жалынының жемісі екендігін түсіндіріп өтті. Шара соңында кешке қатысушылар «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесімен танысты.


