«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Түркі өркениеттінің дамуы

Previous Next

Кітап көрме

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап шоу – 2023» фестивалі аясында түркі өркениетін дамыту жылына арналған «Түркі өркениеттінің дамуы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Көрмеге түркі әлемінің тарихы, мәдениеті мен әдебиетінен сыр шертетінкітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар топтамалары ұсынылып, жан-жақты шолу жасалынды. Көрменің мақсаты – көне және қазіргі түркі өркениетінің әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, сәулет өнері және басқа да баға жетпес мұраларын ашып, танымал ету және оқырмандарға ұсыну.Түркі әлемі тарихы мен мәдениетінен мол мағлұмат беретін маңызды көрме оқырмандарымызға ұсынылды. Қатысушылар көрмеден орын алған басылымдар арқылы тарихи үрдістердің дамуына елеулі үлес қосқан түркі тайпалары мен түрлі халықтардың мәдениетімен танысты. Кітапханашы көрмеге шолуында Қазақ елінің бүкіл түркі әлеміне қатысты орталық болып табылатындығын, Қазақстан географиялық жағынан Түркі әлемінің қақ ортасында орналасқандығын тілге тиек етіп, кең байтақ даланы мекен еткен көшпенділер өмірі мен салт-дәстүрі туралы мол мағлұмат берді. Шараға қатысушылар түркі елдердерінің тарихы мен мәдениеті туралы өз ойларын білдіріп, пікірталас ұйымдастырды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово