18 маусым күні орталық кітапханада сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпарат сағаты өткізілді. Ақпарат сағатқа Қаражал қаласының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы М.Е.Сембеков пен Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің әдіскері М.Қ.Дәулетбаева қатысып, оқырмандарға сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және оның салдары қандай екенін айтып өтті. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты бейнероликтер көрсетілді. Оқырмандарға «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Оқырмандар келген қонақтарға сұрақтар қойып, толық жауап алды.
Жаңалықтар
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпарат сағаты.
Қаралды: 21
