«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды.
Кітапханашылар мен №1- ЖББОМ ұстазы бірлесе «Ұстаздын оралуы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында қазақ тілі мен әдебиет панінін ұстазы М.Иманберлина «Ұстаздың оралу» романындағы «Әл –Фарабидің бейнесі» тақырыбында баяндама оқып, кітапханашы Ж.Ұзақова оқырмандарды «Әл- Фарабидің – рухани әлемі» атты көрмесімен таныстырды, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің менгерушісі М.Оразалина «Ұлы даланың ұлық тұлғасы» тақырыбында баяндама оқып, ғұлама бабамыз туралы мәнді,мазмұнды ақпарат берілді.
