11 қыркүйек күні "Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ ұйымдастыруымен "Сан сұраққа саяхат" атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Интеллектуалды ойынға №7 ЖББМ-нің 10 сынып оқушылары қатысты. Ойынды бағалау үшін әділқазылар алқасы Қаражал қаласының ардагерлер кеңесінің төрайымы, Аналар кеңесінің мүшесі, қоғамдық пікір көшбасшысы Жұманбаева Мереке, "Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ директоры Байшукенова Тлеухор болды. Интеллектуалдық ойын куизиз қосымшасы арқылы өтті. Ойынға оқушылар белсене ат салысты. Ойын қорытындысы бойынша І орын мен караоке микрофонын Құйқабай Зайтбек, ІІ орын мен дөңгелек шамын Спатаев Ерасыл, ІІІ орын мен сымсыз құлаққапты Каримова Ғалия марапатталды. Ойын соңында Жұманбаева Мереке АЭС құрылысы бойынша өткізгелі жатқан референдум жайында оқушыларға ақпарат берді.
Жаңалықтар
Сан сұраққа саяхат
Қаралды: 33
