
2019 жылдың 29 мамырында қалалық кітапханада халықаралық балалар қорғау күніне орай аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен "РУХЫ БИІК ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ" атты отырыс өтті. Отырыс барысында қаражал қаласының маслихатының хатшысы, Аналар кеңесінің төрағасы З.Оспанова кележатқан мейраммен құттықтап, басқарып отырған ұйымның жұмысы туралы айта кетті. Кітапхана қызметкерлері осы іс шараға арналған дәстүрлі және виртуалды көрмеге шолу өткізіп, балаларға жаңа қазақ әліпбиін меңгеруге арналған ойындармен таныстырды. Отырыс сонында бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды.
