«Бір ел - бір кітап - 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды. «Бір ел-бір кітап » акциясы аясында саябақта «Ойшыл ақын» атты әдеби сағат өткізілді. Іс – шара барысында, кітап көрмеге шолу жасалып, Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары оқылды. Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер.
Ондағы мақсат жазғы демалыс кезінде оқушыларды, студенттерді және қала тұрғындарын оқуға тарту, саябақта жүрген демалушыларға ақпарат ұсыну, сонымен қатар, кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау еді. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясында ұсынылған ақындардың, өмір жолдары мен шығармалары туралы ақпараттар беріліді.
