Қаражал қаласыңдағы С.Сейфуллин атыңдағы кітапхана ұжымы «Ұлыс береке берсін» атты керегесі кітаптардан құралған, шаңырағы әсем-оюланған киіз үй нақышында ұйымдастырылған кітап көрмені қала тұрғындардың назарына ұсынды. Кітапхана қорыңдағы Ұлыстың ұлы күніне арналған барлық кітаптарды жинақталып қойылды.
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын қазақ халқы асыға күтті. Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңелген – Наурыз мейрамы биыл Арқа жеріне ертерек келіп кірді. Айтулы мейрамды Қаражал қаласының С.Сейфуллин атыңдағы кітапханасы алдыңғы боп тойлағандардың қатарыңда десек те артық айтпаймыз!!! Кешімізге бірқатар қала қонақтары келді. Кешімізде Р.Рымбаеваның орындауындағы «Наурыз-думан» әнінің сүйемелдеуімен бейнероликті тамашалап, бір сол құтты мейрамның төрінде отырғандай боп сезіне білді. Кітапханашымыз Ж.Ұзақованың кітап көрмесіне шолу жасай отыра, қала қонақтарына Наурыз мейрамы жайлы біршама сұрақтар қойып, соларға жауап ала білді. Кейінгі кезекте, кітапханамыздың атынан қала қонақтарына шағын ғана слайд-шашуын тамашалады. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына арнайы дайындалған қасиетті наурыз көжеден дәм татып, кештен алған әсерлерінен, ой-пікірлерімен бөлісе отырды. Кеш соңында сөз сөйлеп ыңтық-сезімдерімен бөлісіп, көпшілік назарын қуанышқа бөледі. Осы бір тамаша мерекеде қауышқандар елімізге қуанышты, сәттілікті, даналықты, денсаулықты, бай-қуаттылықты, өркендеуді шақырады. Ендеше, Жаңа жылда бір-бірімізге ақ көңілімізді көрсетейік - халайық!
Арайлап жеткен әз Наурыз мейрамы – жаңа жылымыз ырысты болсын. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, бейбітшілік пен келісімнің арқауы болған ұлыстың ұлы күні отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін – деп тілейді кітапхана ұжымы...
