
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Мұхтар Әуезов – дәуір тұлғасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс –шара мақсаты Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, сонымен қатар біздің кітапханамыздың қорындағы жазушы туралы барлық әдебиеттерді ұсыну.Мерекелік іс-шара оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылған театрландырылған қойылыммен жалғасын тапты. Ерекше қойылымның қатысушылары – Қаражал қаласының балалар өнер мектебінің «Жауқазын» театрының оқушылары «Жетім» әңгімесі бойынша қойылым қойды. Сахнадағы көрініспен бірге өмір кешіп, сол шығарманың бір бөлшегі іспетті алапат күй кешірген туындыны Мұхтар Әуезов сонау 1925 жылы жазған еді.Қараңғы түнде жападан-жалғыз тау ішін кезіп келе жатқан баланың қорқынышы, оның тағдырға налып, жетімдіктің қасіретіне қарық болған өмірін жазушы қалай әсерлі жазса, оқушылар да соны көрерменге сезіндіріп, сендіре алды. Басты кейіпкер Қасымның рөлін сомдаған (Аринова Мадина) кейіпкерді оқырмандар расында жетімдік пен қасірет шеккен панасыз бейшарадай көріп жылылық сыйлауға асық болғандай сезімде болды. Мұхтар Әуезовтің «Жетімі» бүгінгі қоғамда әр қазақ оқуы тиіс шығарма десек қателік болмас. Өйткені, баласын қоқыс жәшігіне, ата-анасын қарттар үйіне тастап кету біздің қоғамда үйреншікті жағдайға айналған. Ал, М.Әуезовтің «Жетім» атты шығармасы сол замандағы жетімдіктің қиындығы мен зарын баяндайды. Жетім Қасымның тағдыр тауқыметін баяндаған шығарма барысында қазақтың «Жетім көрсең жебей жүр» деген мақалы еріксіз еске түседі. Әр бала өзінің ата - анасымен бақытты. Ата - ананың қадірін бағалай білейік.Автордың шығармасын таңдау үшін, оны тірілтіп сахналау үшін де жылы жүрек пен нұрлы ақыл да керек-ақ.


