
Елбасы Н.Назарбаев:
«Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат.Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады»
Қаражал орталықтандырылған кітапханасы сіздердің назарларыңызға жаңа кітаптар ұсыуда. «Қазақ батырлары»,«Қазақ би-шешендері»,«Қазақ тарихындағы әйелдер» Авторы : С.Қорабай , «Қазақ хандары» авторы: Т.Омарбековтың құрастырумен жарыққа шықты.Бұл жинақтарда туған жерімізді, бостандығымызды, азаттығымызды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған белгілі батырларымыздың ерен ерліктері баяндалады.Кітаптың ұлт рухын көтерудегі, жас ұрпақты отан сүйгіштікке баулудағы маңызы ерекше.Қазақ тарихында ерекше орын алатын бірқатар би-шешендер туралы қысқа қайырым мәліметтер қамтылған,сонымен қатар тарихта ерлігімен, даналығымен, парасатымен барша жұртқа өнеге бола білген қазақ әйелдері жайлы баяндайды.Аналардың жарқын бейнесін қыз-келіншектерге үлгі болатындай, олардың ақылымен, мейірмандылығымен ел сүйіспеншілігіне бөленгені жайлы жазылған. Белгілі тарихшы-ғалым Т.Омарбековтың «Қазақ хандары» жинағында қазақ хандары туралы зерттеулері мен баспасөз бетінде жарық көрген еңбектері енді.Автор еңбекті құрастыру барысында мейлінше нақты,құнды тарихи деректерге сүйенген. Бұл кітаптар қалың оқырман қауым үшін құндылығы жоғары болары сөзсіз.
