Көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, тілтанушы, публицист, саясаткер Олжас Омарұлы Сүлейменовтың туған күні. Осы орайда қалалық орталық кітапхана "Әлем таныған қаламгер "атты кітап көрме ұйымдастырылды.
Кітап көрмеде ақынның мақалалары мен сұхбаттары жазылған жинақтары, кітаптары, еңбектері қойылды.Олжас Сүлейменов өзінің өмірге деген қозқарасымен, идеяларымен тартымды тұлға. Заманымыздың ұлы ақыны қашанда еліміздің мәдени өмірінің бел ортасында жүреді.Ақын не туралы айтсада, экономика, саясат,мәдениет,жаhандану мәселелері болсын, ол әрқашан ақиқатты айтады,өз ойын ашық жеткізеді.Ақынның тамаша көптеген туындылары өз оқырмандарының жүрегінен орын табады.
