Қазан айының бірінші аптасы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай ұлағатты ұстаз №1 ЖББМ мектеп директоры Ахметова Жұмакүл Жандаулетқызымен «Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі» атты тікелей эфирде кездесу өткізілді. Кездесу кеш өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу ісінде талмай еңбек еткен ұстаздарымыздың қажырлы еңбектерін, жемісті жетістіктерін жас буын өкілдеріне насихаттау мақсатында өткізілді. Кездесуге Қаражал қаласының шығармашыл, әдебиетсүйер оқырмандар тікелей эфирге қосылды. Кездесу сұрақ-жауап, пікір алмасу түрінде өтті. Әсерлі кеште оқырмандар Жұмакүл Жандаулетқызының адами болмысымен және рухани әлемімен жақын танысты. Кеш соңында оқырмандарға жылы лебізін білдіріп, алған әсерін смайликпен көрсетті. Алтын уақытын бөліп келген Жұмакүл Жандаулетқызына кітапхана ұжымы атынан алғыс айтылып ,гүл шоқтарын табыстады.

