Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кітапханада кітап оқуды дәріптеу, кітапхананың оң бейнесін қалыптастыру мақсатында «Кітапхана – қазына мекені » атты ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – кітап мұрасын насихаттау, оқырмандарды кітапхана қорымен, сирек және құнды кітаптармен таныстыру, кітап оқу мәдениетіне тарту. Жиын барысында биыл ұлт тарихының айшықты сәті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерекесі мен желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай «Тәуелсіздікті ту еткен – желтоқсаншылар», « Әлемге танылған – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмелерге шолу жасалып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы таныстырылды. Әдеби үстел ұйымдастырылып, қатысушылар жалынды жыр жолдарын оқып бір серпілтті. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасап, әдебиеттермен жақынырақ таныстырды. Оқырмандар көңілін ерекше аударған кітаптарды айтар болсақ, М. Кесебаев «Жылдам оқы», М.Сәрсеке «Қазақтың қанышы». Оқырмандар өздеріне ұнаған кітаптарын жаздыртып, 5 оқырман жазылды.
Жаңалықтар
Кітапхана - қазына мекені
Қаралды: 4
