«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Кітап достарын іздейді!

Previous Next

Буккроссинг

«Кітап – өмір ұстазы» демекші, жасөспірімдер кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Осы мақсатта «Кітап шоу – 2023» фестивалі аясында «Кітап достарын іздейді!» атты буккроссинг өткізілді.«Буккроссинг» — кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы. Буккроссинг - «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби екені айтылып, оқырман мен кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі екенін оқырмандарға түсіндіре отырып, үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау» керек екенін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушіс М.Оразалина айта кетіп, «Буккроссинг» ережелерімен , басқа оқырмандар әкелген кітаптармен таныстырды. Кез келген адам оқыған қызықты кітаптарын «Буккроссинг» сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты оқуға мүмкіндік алады.«Буккроссингтің» басты мақсаты оқылған кітаптарға екінші өмір сыйлау, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, әлемді үлкен кітапханаға айналдыру. «Буккроссинг» акциясына оқырмандарымыз белсенді түрде қатысып, өз үлестерін қосты. Сондай -ақ, оқырмандарымыз өзінің оқыған қызықты кітаптарын «Буккроссинг» сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөлісті. Адамды адамзатқа айналдырған кітап атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін барша жұрттың жүрегіне тегіс жеткізе алсақ, шынында да көп адам бақытқа кенелмей ме.Кітап – адам баласының ақыл –ойынан туған , байлықты сақтап,оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын білім және тәрбие беретін құрал. Сондықтан біз кітапты қадірлейік, сақтайық, жансерігімізге айналдырайық.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово