Ашық есік күні
Қалалық орталық кітапханада Ішкі саясат бөлімінің жанынан ашылған «Сөйле TIME» клубы мүшелерімен «Кітап – білімнің кілті» атты ашық есік күні өткізілді. Кітапхана мүмкіндіктерін білудің ең жақсы тәсілі ашық есік күніне келу. Кітапханаға саяхат жасаудан басталды,келушілер саяхат барысында кітапханаға кітап қалай түседі,оқырмандарға жету жолдары,олар қалай сақталады, және кітапты қалай таңдай алу керек екендігі туралы біліп, «Жаңа кітаптар» кітап көрмесі таныстырылды. Саяхат кітап қорымен,кітапханалық көрмелермен танысуға мүмкіндік берді.
