12.02.2022 күні Жайрем кенті №12 кітапхананың «Жалын» жас ақындар клубының белсенді мүшелері: Құралай Дәмешкен Ильяс Болатов , Ақнұр Сембі ,Шұғыла Мұратхан Нұр-Сұлтан қаласында
« Алаш өнер орталығының » ұйымдастыруымен өткізілген «Жұлдызды сәт» өнер байқауында «Көркем сөз» «Арнау » номинациялары бойынша қатысып өз бақтарын сынап қайтты.
Халықаралық өнер байқауына республикамыздың түпкір-түпкірінен Қызылорда , Ақтөбе , Маңғыстау , Түркістан , Қарағанды т.б облыстарынан 70 - астам үміткерлері қатысқан өнер додасында «Жүзден жүйрік , мыңнан тұлпардан » оза шауып «Көркем сөз» номинациясында Құралай Дәмешкен - жүлделі І орын иегері атанып диплом мен медальмен марапатталды.
«Жұлдызды сәт» өнер байқауына қатысу себебіміз кенттегі талантты балалардың, талантын шыңдап, қанат бітіріп, үлкен өнерге жол ашу.
Нұр-Сұлтан қаласында балалармен ҚР ұлттық академиялық кітапханасына саяхат жасап , кітапхананың балалар кітапханасымен , сирек кітаптар музейін тамашалап , қазақ халқының атақты тұлғалары М.Жолдасбеков , Ә.Кекілбаев , М.Мақатаев , Ф.Оңғарсыноваға арналған залдарды аралап рухани құндылықтарды көріп жас ұрпақ өздеріне керек тағылымды алды.

