«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Каталогтау

Каталогтау – Баспа шығармаларын кітапханалық өндеудің (сыпаттама жазу, жіктеу және пәндеу), сондай-ақ кітапхана каталогын ұйымдастыруға кіретін процесстер мен операциялардың бір бөлігі болып табылатын әдістер мен процестер жиынтығы.

Каталогтау маңызды процестері:

Ø библиографиялық сыпаттама / жазба;

Ø жіктеу және пәндеу;

Ø Қаталогтық карточкалар және кітап формуляры таралымын анықтау және дайындау;

Ø Баспа шығармаларын техникалық өндеу.

Каталогтау технологиялық процестері:

Библиографиялық сипаттама жасау

Библиографиялық сипаттама – Баспа шығармалары (олардың бір бөлімі немесе бір топ шығармалар) туралы мәлімет беретін библиографиялық жазбалардың негізгі бөлімі. Мұндағы мәліметтер мемлекеттік стандартқа және баспа шығармаларына сипаттама жазу ережелеріне сәйкес берілген жүйе бойнша келтіріледі. Б.с.-сипатталған шығарманың біркелкілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның мазмұны, қандай оқырмандар тобына қандай мақсатпен жазылғаны, көлемі, суретті материалдардын баржоқтылығы, көмекші аппараттардың құрамы т.б. жайлы да түсінік беруге тиіс.

Сипаттама түрлері:

Монографиялық сипаттама – көп томды басылымның, көп томды басылымның жеке бір томын  немесе бір бөлімнен тұратын сериалды басылымға жазылатын сыпаттама.

Аналитикалық сипаттама (АС) – басылымның бір бөлігін: жинақ, журнал, газет, жалғасты басылымдар ішіндегі бір мақаланы немесе басқа материалды; кітаптың бір бөлімін, тарауын немесе тармағын: көп томды не жалғасты басылымдардың жеке бір томын библиографиялық сипаттау.

А.с. толық және қысқа болып келеді. Егер шығарманың дербес титулды беті бар болса, мысалы, көп томды басылымдардың екі томы, онда оған толық А.с. жазылады.

Толық А. С.-да сыпатталып отырған шығарма туралы барлық библиографиялық мәліметтер беріледі, сонда-ақ шығарма құрамына кіріп отырған басылым туралы кысқаша мәліметтер болады.

Қысқа А.с.-дербес титулды беті жоқ шығармаларға жазылып, сипатталып отырған шығарма және ол жарияланған басылым туралы негізгі мәліметтер береді.

Жинақты сипаттама- көп томды, сериялық, жалғасты және мерзімді басылымдар комплектіне жазылатын сипаттама.

Ол екі бөлімнен тұрады:

Ø Жалпы бөлімі (тұтас алғанда басылымға қатысты мәліметтер)

Ø Арнаулы бөлім (жеке томдарға, шығарылымдарға, дәптерлерге, нөмерлерге т.б. қатысты мәліметтер).

Бір немесе бір топ шығарманың түрліше жариялануы жөніндегі мәліметтерді біріктіретін сыпаттама.

Библиографиялық сипаттама туралы толығырақ

Ø Библиографическое описание книг

Ø Библиографическое описание статей

Ø Описание официальных документов

Ø Библиографическое описание электронного ресурса

Ø Правила составления библиографической ссылки

Пайдаланған ресурстар:

Кітапхана терминдерінің сөздігі [Мәтін] / құраст. С. Г.Антонова, Г. А. Семенова. – М.: Книга, 1985. – 303 с. 

В помощь начинающему библиотекарю [Электронный ресурс] /КОУНБ им.Н.В.Гоголя // Карагандинская областная универсальная научная библиотека им.Н.В. Гоголя.- 2014.-18 апреля.- Режим доступа: http://karlib.kz/index.php/ru/prof-meropriyatiya/32-metodicheskij-blog/1197-v-pomoshch-nachinayushchemu-bibliotekaryu . – Загл. с титул. экрана.

Федоров, А. Библиографическое описание электронного ресурса: схема описания электронного ресурса [Электронный ресурс] / А. Федоров // Культура вкусов.-2009.-7 сентября.- Режим доступа: http://ideafor.info/?p=111. – Загл. с экрана.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово