Кітапхана каталогы (К) – бір кітапхана немесе бірнеше кітапхананың жинақталған кітап қорында бар баспа шығармаларының белгілі бір жоспар бойынша құрастырылған қор құрамының мазмұнын ашып көрсетуге, оқуға мақсатты басшылық жасауға, оқырмандардың кітап іріктеп алуына көмектесуге арналған тізбегі. К. – кітапхананың негізгі анықтама және информациялық-іздестіру аппараты. Кітап қорының құрамындағы баспа шығармаларының алуан түрлері, тақырып жағынан сан салалығы, сондай-ақ оқырман сұранымының елеулі айырмашылығы кітапханада бағыты мен құрылымы жағынан әр түрлі каталогтар мен картотекалар жүйесін жасауды қажет етеді. Кітапхананың әрбір типы үшін К-тың қажетті минимумы белгіленген. Кітапхана толықтығына қарай бас каталог, орталық каталог және жинақты каталогқа бөлінеді.
Ø Бас каталог – кітапхананың кітап қорын, оның қай жереде сақталанатынына қарамастан, түгел жинақтап көрсететін негізгі каталог.
Ø Орталық каталог – кітапхананың негізгі қоры мен оның барлық филиалдарының қорын
қамтып көрсететін каталог. Мысалы, бұл каталогтар орталықтанған кітапханалар жүйесінің орталық кітапханасында және жоғары оқу орындарының кітапханаларында жасалады. Ол жинақты каталог қызметін атқарады.
Ø Жинақты каталог – бірнеше жеке кітапханалардың қорын жинақтап көрсететін каталог.
Сиглдардың (қатысушы кітапханалардың шартты белгісі) көмегімен Ж.к.-те қай кітапхана қорында кандай кітаптардың бар екені көрсетіледі. Материалдарды топтастыру әдісі бойынша Ж.к. әдетте жүйелік және алфавиттік, ал формасы жағынан карточкалы немесе баспа түрінде болады.
Кімге арналағанына қарай олар: оқырмандар каталогы және қызмет бабы каталогы болып бөлінеді; материалдардың топтастырылу әдістеріне қарай алфавиттік жүйелік және пәндік болып бөлінеді.
Ø Оқырмандар каталогы – оқырмандардың пайдалануына арналған каталог.
Ø Қызмет бабына пайдаланатын каталог – кітап қорын толықтыру және әдебиеттерді
өндеу, анықтама-библиографиялық т.б. жұмыс процесттеріне пайдалануға арналған каталог. Көп жағдайда бұл каталог бойынша жеке оқырмандардың оқырмандар каталогында жоқ әдебиеттер жайында сұранымдары орындалады.
Алфавиттік каталог (АК) – баспа шығармаларына жазылған сипаттама карточкалар автор фамилиясының, коллективтік авторлар атының және шығарма тақырыбының алфавиттік ретімен орналасатын каталог.
АК-тың негізгі мақсаты – анықтама-информациялық қызмет атқару. А.к. бойынша:
кітапхана нақты бір кітаптың, белгілі бір автордың кітабының, белгілі бір мекеме еңбектерінің бар-жоғын, олардың қандай басылымда қай тілдерде жинақталғанын тез анықтауға болады.
АК қордың авторлар құрамын ашып көрсетеді, сондықтан кейде «авторлық каталог» деп те аталады.
АК-тің құрылымы – қабылданған алфавитпен және каталогтық карточкалардың орналасу ережесімен белгіленеді. Егер АК түрлі тілдерде шыққан баспа шығармаларын қамтитын болса, онда әрбір тіл бойынша немесе бір графиканы пайдаланатын бірнеше тілдер тобы бойынша жеке алфавиттік қатардан тұрады.
АК-ті типі мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, кітапханалардың бәрі жүргізуге тиіс. Ірі кітапханаларда қызмет бабына пайдаланатын алфавиттік каталог әдетте бас каталог қызметін атқарады. Осылармен қатар кітапханада оқырмандардың алфавиттік каталогы, сондай-ақ жеке қорлардың каталогтары, картотекалары жасалады.
Жүйелі каталог (ЖК)– баспа шағармаларына жазылған сипаттама карточкалар мазмұнына сәйкес, білім салалары бойынша орналастырылған, одан әрі қарай бөлімдер неғұрлым ұсақ бөлімшелерге бөлініп, логикалық бірізділікпен және бір-біріне бағынышты қойылған каталог.
ЖК құрылымы кітапханада қабылданған кітапханалық-библиографиялық жіктеу жүйесі бойынша белгіленеді. Бұл каталогтың негізгі функциялары – анықтама-информациялық және әдебиеттер ұсыну функциялары. ЖК-тың информациялық функциясы оның қор мазмұнын ашып, қажетті әдебиеттерді іздестіруді қамтамасыз етумен белгіленеді. Әдебиеттер ұсыну функциясы – ғылыми жүйелік, көрнекілік, жалпы ұғымнан жалқы ұғымға, қарапайым түрден күрделілікке көшіп отыру сияқты дидактикалық аса маңызды принциптері айқын көрінетін ЖК құрылымымен анықталады.
ЖК бойынша іздеу жұмысын жеңілдету және жеделдету үшін Алфавиттік-пәндік көрсеткіш (АПК) көмекші аппарат бар. Онда пәндік рубрикалардың алфавиттік тізбегі жасалып, олардың әрқайсысында жіктеу индексі көрсетіледі.
Пәндік каталог (ПК)– баспа шағармаларына жазылған сыпаттамалар мазмұны бойынша, нақты пәні немесе зерттеу объектісі бойынша қойылып, пәндік комплекстер жасайтын рубрикалар мен кіші рубрикалардың алфавиттік қатары бойынша орналасқан каталог.
ПК-тың құрылымы пәндік рубрикалар тізімімен белгіленеді. Оның негізгі функциясы – анықтама-информациялық қызмет. ПК-тегі бір ерекше маңызды нәрсе – документтің мазмұнын сипаттау дәлдігі, мұндағы пәннің аталымы, парадигматикалық қатынастар мен синтагматикалық қатынастардың есебі нақты дәл берілуі керек, олар пәндік рубрикалар мен кіші рубрикаларды құрау ережелерінің көмегімен жасалады.
Өлкетану каталогы (ӨК)– белгілі бір облысқа, өлкеге, республикаға ауданға қатысты бар әдебиеттерді неғұрлым толық камтып көрсететін каталог.
ӨК алфавиттік және жүйелі каталогтар түрінде жасалады. Бұл каталогқа қосымша жергілікті басылымдар каталогы мен жергілікті газеттер картотекасы жасалады.
Пайдаланған әдебиет:
Кітапхана терминдерінің сөздігі [Мәтін] / құраст. И.М.Суслова, Л.Н.Уланова; ауд. Б.Нүсіпбекова, Д.Казбекова. – Алматы : «Мектеп», 1981. – 232 бет.
