
2022 жылы 8 сәуір күні қалалық кітапханда ұстаздардың қатысуымен Қаражал қаласының құрметті азаматы , қаламызға еңбегі сіңген , қоғам қайраткері, қоғам белсендісі Төлеухан Ілиясұлының «Каражалские зори» кітабының кітап кеші өткізілді. Кеш барысында жүргізуші Артықбаев Жалғас қысқаша өмірбаяны мен шығармаларына тоқталып, жаңа кітабына қатысты сұрақтар қойды. Іс – шара сонында қатысушылар құттықтау сөздер айтып, жылы лебіздерін білдірді.
