
Оқырмандарды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру , әлемдегі трендке айналған көркем шығармаларды талқылап, өзектілігін анықтау мақсатында «Karajal Book klub» әдеби клубы ашылды. Клуб мүшелері апта сайын кітапханаға жиналып оқыған кітаптарды талқылап, қызықты кітаптарды оқуға кеңес береді. Клуб отырысы әңгімелесу, оқылған кітаптарды талқылау, жаңа әдебиетпен танысу, жаңа кітап жаңалықтары мен танысу форматында өткізіледі. Клуб мүшелерімен бірінші отырыс өткізіліп, алғашқы отырыс танысудан басталды.
Отырыс нәтижесінде: «Karajal Book klub» әдеби клубының мүшелері жұмыс жоспарымен танысып, алдағы уақытта қандай бағытта жұмыс жүргізетіндерінен хабардар болып, «Кітап – дәуірлер шамшырағы» тақырыбында сүйікті кітаптары жайлы сырларын ашып айтып, ойларымен бөлісті. Келешекте клуб мүшелерінен күтетін үмітіміз зор, көптеген жалындаған жастарды клубқа тартамыз деген ойдамыз.
