«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

"Күз ханшайымы"

"Күз ханшайымы"

сайысы

Бүгін, яғни 12.10.2023 жылы Орталықтандырылған балалар кітапханасында "Күз ханшайымы" сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын, ұғындыра отырып, катысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйетін нағыз қазақ қызының касиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу мақсатында өтті.
Сайысымыз басталмас бұрын жүргізушіміз келген қонақтарды және қазылар алқасын, катысушыларды сайыстың 5 кезеңімен таныстырып өтті.
Әрі қарай сайысымыз өз жалғасын тауып, 1-ші кезең бойынша әр қатысушы өздерін таныстырып, 2-ші кезең «Өнерлі бала өрге жүзер» сайысында кішкентай ханшайымдар әсем әнді шырқата жырлап, күй тартып,сонымен қатар қазақ , испан ,түрік,үнді сиякты биін билеп,енді бірі гимнастикалық билерімен көрермендерді тәнтті етті. 3-ші кезеңде катысушылар өздерінің білімдерін көрсетіп сұрақтарға жарыса жауап берді. 4-ші кезең "Күз ханшайымы" яғни сән үлгісін көрсету болатын. Қатысушы арулары әр түрлі материалдан: күзгі сары жапырақтардан,пакеттерден, салфеткадан,гүлдің күлтелерінен өздеріне сән көйлек тігіп, дефеле көрсетіп, көрермендерді өздеріне қаратты. Саңғы сайыс 5-ші кезіңде ханшайымдар өздерінің үйден жасап алып келген "Күзгі кереметтер" қол өнерлерімен таныстырып, өздерінің жан -жақты екендерін көрсете білді. Сайыс қорытындысын әділ-қазылар алқасы критерий бойынша ұпай сандарын санап, мынадай қорытынды жасады:
I- Аманғазы Асылназ
II- Қуанышева Сабина
III- Бөлеген Ақбаян
және қалған 4 катысушы ханшайымдар алғыс хаттармен марапатталып, барлық ханшайымдарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово