Спорттық жарыс
7 мамыр – Отан Қорғаушылар күніне орай «Ер жігіт – ел қорғаны» атты спорттық жарыс өтті. Аталған іс – шараға жастар белсене қатысты. Қол күресі-армрестлинг әлемде және елімізде жылдам дамып келеді. Әсіресе соңғы жылдары адамдар осы бір спорттың түріне қызығушылық танытуда. Негізінен қол күресі білек пен жүректің, ақыл мен айла, күш-жігер сыналған сәтте мықтының мықтысы, күштінің күштісі ғана жеңіске жетеді.
Жастар арасында ұлттық қол күрес ойынын дамыту, жастар мен жасөспірімдерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту мақсатында жастар мен жасөспірімдер арасында қол күрестен жарыс өткізілді. Жастар додаға қызу дайындықпен келіп, жарыс соңында үздіктердің үздігі I-орынды Омаров Нұркелді, II-орынды Мұқатайев Байгелді, III-орындыИмашов Жанболат иеленіп, дипломдармен мен бағалы сыйлықтар табысталды. Іс – шара соңында «Ер жігіт – ел қорғаны» атты әскери кітаптар көрмесіне шолу жасалып, кітапханашы оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып, оның тарихы жайында баяндап берді. Көрмеге еліміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымыздың ерен еңбектерін паш ететін ақпараттар жиналып оқырмандарға таныстырылды. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылар үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.
Жаңалықтар
Ер жігіт – ел қорғаны
Қаралды: 22
