Кесдесу кеш
15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толып отыр.Осы орайда қалалық кітапханада «Ер есімі – ел есінде » тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кездесуді Қаражал қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің директоры Тлеухор Жанжұмановна құттықтау сөзбен ашты. Ауған соғысы жөнінде деректер слайд арқылы көрсетіліп, одан әрі кеш қатысушылары ауыр соғыста ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқастарға қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз қаншама. Кездесу кешіне Ауған соғысының ардагері, интернационалист- жауынгер Нұрғали Аманұлы Баянов, Серік Ұзақбайұлы Игибаев, Думан Ибрахимұлы Өтемісов арнайы шақырылды. Іс – шара барысында кітапхана қызметкерлерінің жинақтауымен дайындалған «Ер есімі – ел есінде» атты кітапшаның тұсаукесер рәсімі өткізіліп, кеш қонақтары лентасын қиды. Іс шараға ұстаздар, студенттер мен оқушылар қатысты. Оқушылар іс –шара барысында кеш қонақтарына сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Әр қойылған сұрақтан сұрақтар тізбектеліп, отырыс өте қызықты, әрі әсерлі өтті. Кеш барысында ұстаздар сөз сөйлеп, тілек білдірді. Құрметті қонақтарымызға Васильева Наталья да ақ тілегін ақтарды. Өз жүрекжарды тілегінен соң, Ауған соғысы кезіндегі жауынгерлерге арналған «Я ухожу» атты ән шашуын арнады. Іс-шара соңында кеш қатысушылармен естелік фотоға түсіп, кітапшалар мен алғыс хаттар табысталды. Ауған соғысында Отан үшін жанын пида қылған азаматтарын есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық!
