«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Ер есімі - ел есіңде

Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт - берекең - атаң қымбат

Туып - өскен елің қымбат

Кіндік кескен жерін қымбат!!!

Қаражал қаласының С.Сейфуллин атыңдағы кітапхананың ұжымы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығының аясында, Ұлы Жеңіс күніне орай, «Ер есімі – ел есінде» атты ақпараттық сағат өткізді.

Ақпараттық сағаттың мақсаты: Ұлы отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Ақпараттық сағат Таукен коледжінің 3-курс студенттерімен Мәңгілік алау ескерткішінің алдында өткізілді. Студенттер ақпараттық сағатта көптеген Ұлы Жеңіс жайлы мағлұматтар алып, сұрақтар қойып, ойларымен бөлісті. 9 мамыр – Біздің тарихымыздағы ең мәнді күндердін бірі. Тап осы Ұлы Жеңіспен соғыстан өтіп, үстем болған адамдар біздің айрықша ілтипатымызға мұқтаж, біз солардын арқасында осындай бейбіт өмірде тұрып жатқанымызды ешқашанда ұмытпағанымыз жөн. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Осы бір қиын-қыстау кездеріміз енді болмасын деген ниетпен ақпараттық сағатымыз өтті.

Жеңіс күні – Бұл біздер үшін жанын құрбан еткен, біз бүгінде солардың арқасында өмір сүрудеміз ,яғни, сол адамдарды еске алып құрметтеу күні. Біз мықты халықтың ұрпақтарымыз, олардың ұлы ерліктерін ешқашан ұмытпауымыз керек дей келе, ақпараттық сағатымызды аяқтаймыз.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово