Поэзия кеші
Бүгін қалалық орталық кітапханада 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған "Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік" атты поэзия кеші өтті. Мақсаты: қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап,өнеге тұту.ЕлІне, жеріне сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімді өлең шумақтары ақылы жеткізу.
Іс-шара барысында ата-бабаларымыз осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнін ғасырлар бойы армандап келген. Желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп бір минут үнсіздік жарияланды.Тәуелсіздік тарихына арналған сұрақтар қойылды.Кеште Тәуелсіздік тақырыбында өлеңдер оқылды.Оқушылар жатқа , мәнерлеп, жүрекке жеткізіп өлең шумақтарын сусындатты. Поэзия кешінде өлең оқыған оқушылар бағалы диплом, алғыс хаттармен, марапатталды.Атап айтсақ: Ғабдулла Айнұр, Асанова Шолпон, Тілеухан Ділназ, Аринова Мадина
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше.Егемен еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға ашық аспан, сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін!
