«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Елі сүйген,елін сүйген Елбасы

1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн.Мемлекет басқару ісі машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет,халқы ең бақытты халық. С.Сейфуллин атындағы кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елі сүйген,елін сүйген Елбасы» атты әдеби – музыкалық кеш  мәдени – сауық орталығында өткізілді.Кешке қала басшылары ,қала тұрғындары, оқушылар, ұстаздар қатысты.Кештің мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері мен бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері туралы және шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу жайлы мағлұмат беру. Қалалық мәслихат хатшысы Зәмзәгүл Оспанова мәдени шараға жиылған көпшілікті Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Шара барысында  «Елбасы толғау» бейнебаяны көрсетіліп, Елбасының өмір жолына, қызмет хроникасына, еңбектеріне және жаңадан келіп түскен кітаптардан «Елі сүйген,елін сүйген Елбасы»кітап көрмесі қойылды.Оқушылар мен ұстаздар, кітапхана қызметкерлері елбасына арнау ,өлеңдер оқып өз үлестерін қосты. Жақсыгелді Алмат «Жаса қазақ» әнін орындады.Кештің сәнін келтіріп  кішкентай бүлдіршіндер қазақ халқының данышпан ұлына өлең жолдарын арнады.Іс – шара  соңында оқушылар «Менің  Президентім» сөзін латын әрпімен жазып ұстап шықты.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово