
2022 жылы 06 сәуір күні қалалық кітапханада кітапхана жұмысымен, тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Қаражал тау – кен техникалық колледжінің студенттері кітапханаға экскурсияға келді. Кітапхана мамандары алдымен коворкинг ,« Парасат жолы» орталықтарымен тағы да басқа бөлімдермен таныстырды. Студенттер кітапхананы пайдалану ережелері, мерзімді басылымдар: журналдар мен газеттер, анықтамалық-энциклопедиялық басылымдармен, сондай- ақ, оқу залындағы кітап көрмелерімен, «Жаңа кітаптар» атты жаңа әдебиеттер көрмесі назарларына ұсынылып, шолу жасалды. Іс – шара барысында сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды. Экскурсия қызықта да, мағыналы өттіп, кітапханаға жаңа оқырмандпр жазылды. Барлығы кітапханамен танысқандарына қуанышты болды. Пайдаланушыларды кітап мәдениетіне тарту, білімге құмар әрі сауатты адам болуына тарту өте маңызды.
