Ақпараттық сағат
25 қазан-Республика күніне орай қалалық кітапханада "Егемен елдің еңсесі биік" атты ақпараттық сағат өтті. Ақпараттық сағаттың мақсаты- жастардың Отанға ,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және патриоттық сезімдерін ояту. Мемлекеттік мереке атанған 25-қазан Қазақстан Республикасы күнінің шығу тарихы, қабылданған декларация, егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы,халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бегітілгендігі туралы баяндама оқылды. Жастар өз Отанының патриоты, өздерінің ыстық ықыласын еліне,туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін мақал-мәтелдер арқылы жеткізді.
