
Белгілі қаламгерлердің,жас ақындардың жаңа қырларын білу мақсатында қызықты тұлғалармен кездесулер өткізіліп тұрады. Тікелей эфирде өткізілген сыр – сұхбат кездесуінің кейіпкері , қонағымыз «Ең үздік жас ақын – 2021» атты Республикалық байқау жеңімпазы, тұрақты оқырманымыз Артықбаев Жалғас Елгелдіұлы. Жалғас жас кезінен поэзиямен әуестенеді. Оқушы кезінде ол өлең жаза бастады. Ал оның редакторы әрі сыншыларының бірі әкем, ол кісі де өлең жазады – дейді ақындық байқаудың жеңімпазы. Кездесуге Қаражал қаласының шығармашыл, әдебиетсүйер оқырмандар тікелей эфирге қосылды. Кездесу сұрақ-жауап, пікір алмасу түрінде өтті. Әсерлі кеште оқырмандар ақынның шығармашылығымен,алдағы жоспарларымен, адами болмысымен және рухани әлемімен жақын танысты. Жас ақын кеш соңында оқырмандарға жылы лебізін білдіріп, алған әсерін смайликпен көрсетті.
