Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамына орай «Ең үздік Наурыз бата» атты онлайн сайыс өткізілді. Байқау 2022 жылдың 9 наурыз бен 22 наурыз аралығында өткізіледі.Бұл сайыста сөйлеу мәдениеті, сөз мәнері, тілдік қорды байыту, сонымен қатар атадан қалған асыл мұраны бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру, ұлттық рухты жаңғырту басты мақсатымыз болды. Бата беру дәстүрінің тәлімдік, тәрбиелік маңызы, оның жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеудегі рөлі ерекше екені айтпаса да түсінікті.Бата беру дәстүрінің тәлімдік, тәрбиелік маңызын және бата берудің түрлерін, шеберлігін арттыратын, ұлттық құн дылықтарымызды дәріптейтін осындай сайыстар керек-ақ. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген халқымыз ежелден әрбір ісін батасыз бастамайтын. Байқауға қала тұрғындары , ақсақалдар мен ел ағалары қатысты. Әр қатысушы өз деңгейінде бата беру ырымын жасады. Қазылар алқасының қортындысы бойынша I-орынды Құйқабаев Қасқан, II-орын Төлеубаев Қайрат, III-орынды Рахым Әбдірәсіл иеленді. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды

