«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Еңселі елден - мәңгілік елге

Жайрем кенті мәдени сауық орталығы мен кітапхананың ұйымдастыруымен мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың қараша айында Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауын талқылау үшін кент жастары , мектеп мұғалімдері қатысқан дөңгелек стол басында

кездесу болып өтті. Кездесудің алғы сөзін №12 кітапхана-филиалының кітапханашысы Абдразакова Алма алып Жолдаудағы өзекті мәселелерге тоқтала келіп 2015жыл-айтулы мерекелер жылы екенін айта келіп алдағы жүргізілетін жұмыстар туралы айтты.

Етегіне ел сыйғызған еңселі елдің ертеңіне кепіл болған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы –бірліктің мерекесі ,тірліктің тірегі, сол себептен 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялаған болатын.Жолдаудағы халықтар достығын әрі қарай нығайту үшін , Президентіміз Н.Назарбаев айтқан мақсаттарды жүзеге туралы , басқада келелі мәселелер туралы әңгіме өрбітіп , слайд көрсетілімін көрсеткен Қаражал қаласының мәдени және тілдерді дамытудың бас маманы- Жұмабаев Шолпан Ысқаққызы.

№10 қазақ орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Б. Қадырбаева , және осы мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі М.Әмзина №30орта мектебінің тәлімгері Ж. Сағат және Қаражал қаласының жастар ісі жөніндегі орталығының Жәйрем кенті бойынша маманы Мукатаева Жұлдыз Жолдаудағы жастар мәселелерін , жас ұрпақтың терең білім алуына аймағымызда барлық жағдай жасалып жатқаны айтылды. Кездесу соңы әсем әнге ұласып , кітапхана оқырманы Алматы облысында өткен халықаралық Абай оқулар байқауының 1-ші орын иегері Ақшолова Илнара ұлы ақын Абай Құнанбаевтың « Сабырсыз, арсыз ,еріншек» өленін мәнерлеп оқып кеш соңы естелік суретке түсті

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово