«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Бір ел - бір кітап

Елімізде  республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында  2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау , оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай – ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу. Он жылдан астам тарихы бар акцияның әр жылында  «Жыл кітабына»  бір шығармадан ұсынылып отырады. Ал, 2018 жылы осы акция аясында бір халық боп оқуға  үш бірдей шығарма таңдалып алынды.Олар: Ш. Құдайбердіұлының шығармалары, Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесті және Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты кітабы.Сакен Сейфуллин атындағы  кітапхана қызметкерлері  елімізде дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ақтай кентінің № 6 мектеп оқушылар арасында ақпараттық сағат өткізілді. Осы шығармаларды қалың оқырманға  насихаттау мақсатында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М. Оразалина толық мәлімет берді.Іс – шара барысында жазушылардың өмірбаянынан қысқаша бейнефильмдер көрсетілді. Алған әсерлерін ортаға салып ой бөлісті. Қызығушылық танытып, көкейлерінде туындаған сұрақтарын қойды. Тақырып бойынша қойылған сұрақтарға тиянақты жауаптар беріп , өз белсенділіктерін көрсете білді.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово